"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектеп кітапханасында «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына - 130 жыл» көрме ұйымдастырылды.

27.01.2023

Талапкер ауылы жалпы орта білім  беретін мектеп кітапханасында «Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  туғанына - 130 жыл» көрме ұйымдастырылды. 
   Мақсаты;Оқушыларға ақынның аз ғана өмір сүргені туралы ,сол аз ғұмырда  көптеген шығармаларынан,  еңбектерінен  терең тәрбиелік мағына беру.
Көрнекілігі: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  туғанына- 130жыл»  көрме де ақынның  өмірбаяны, шығармалары мен  кітаптары  қойылды .  
, Сұлтанмахмұт Торайғыров-ХIХ ғасырдың аягы ХХ ғасыр басында қысқа да, қиын  тағдыр кешкен   ,қазақ  халқының  перзенті , ақын,лирик, болашақты болжаушы, ойшыл талант иесі, дара тұлға.
     Ол 1893 жылы 29 қазан айында  Көкшетау  облысы , Қызылту ауданында  дүниеге келген. Өзінің аз ғана  ғұмырында  лирикалық өлең , публицистикалық  очеректер  мен мақалалар , 5-6  поэма , екі роман жазып үлгерген, қиындықтың  дәмін татқан , шебер ақын  ретінде таныс.   Сұлтан махмұт  Торайғыров  3 жасында шешесі қайтыс болып , 6 жасына дейін  әжесінің  тәрбиесінде болған .Кейін әкесі  екі ұлымен  Баянауылға  көшіп , Торайғыр  кентіне  таяу жерге қоныстанған.Торайғыров алғаш әкесінен  ескіше хат танып,13 жасында   Мұқан ,Әбдірахман ,Тортай  деген молдалардан дәріс алған. 1912  жылы Тройцкідегі Ахун Рахманқұли  медресесіне  түседі, бірақ мұнда  бір жылдай  оқыған  ол өкпе  ауруының  зардабынан  оқудан шығып қалады.Торайғыров  медреседе оқуды қойып  ,орысша оқу іздейді, қала манындағы  елде жаз бойы  бала оқытады.
     Осы кезден  ақындыққа ден қойған . Ақынның жазған шығармаларымен  таныстырылды:  «Оқып жүрген жастарға»,  «Ендігі беталыс» , «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау»,  «Мағынасыз өмір»,  «Жарлау»
«Досыма хат», «Шығамын тірі болсам  адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым»атты ұзақ очеркін жазды . Көрмедегі  «Қамар сұлу» романымен таныстырылып, қысқаша   мағұлұмат берілді. « Шәкірт ойы». деген шығармасымен таныстырылып:ондағы мейірімділікті, адамгершілікті, кішіпейілділікті, өнер-білімділік ке ұмтылғанынкөреміз.
 Сұлтанмахмұт  поэзиясы –ақындық шеберліктің ,ұлтжандылықтың  азаматтықтың  мектебі.
   Сұлтанмахмұт Торайғыровтан  зор әдеби мұра қалды.  Бұл халқымызға  қалдырған аманаты. Сол мұраны  қадірлей білуіміз,оның алтын нәрін ала  білуіміз керек.
 
Шығармалары  халықтың  рухани өміріне  терең  қабысқан  ақын мұралары  әрбір оқушыға  қымбат , әрі  ақынға берілген  ең үлкен бағасы. Мұңдай сүйіспеншілікке  әдебиеттің  асқан  алыптары ғана ие бола алады.  Сол алыптың бірі-қазақтың  халықтың ,классик  ақыны –Сұлтанмахмұт. Ол қазақ әдебиетінің  көгіндегі жарық жұлдыздың бірі.

Просмотров: 1633


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст