"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Аудандық тарихшылар семинары аясында «Жаңа әлемдегі жаңа тарих. Оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел болды.

09.12.2022

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық тарихшылар семинары өтті. Семинар аясында «Жаңа әлемдегі жаңа тарих. Оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбында дөңгелек үстел болды. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Қазір уақыттағы елімізде және әлемде болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, тарихқа жаңаша, объективті тұрғыдан қарау және тарихты оқытудығы ұстаздардың қазіргі ұрпақтың қарым-қабілетіне сай жаңа технологиялық әдістерімен бөлісу және жоғары білім ордалары мен орта білім беретін мектептер арасындағы әріптестік байланыс орнату, тәжірибе алмасу, тығыз қарым-қатынас жасауға нақты қадамдарды айқындау болды.
Дөңгелек үстелге Мемлекеттік тарих институтының директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Калиев Жабай Нұрмақұлы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Тарих» факультеті, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кушенова Ғанижамал Иманқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жапекова Гульфайрус Кабдоловна және Целиноград ауданы білім бөлімі кәсіподақ ұйымының жетекшісі Сатбалдин Кайыр Сагиндыкович пен Целиноград аудандық білім бөлімінің әдіскері Қорғанбеков Еркебұлан Сарсенгалиевич қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тақырыпқа сай баяндамалар жасалынды. Баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісті. Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен аудан мұғалімдері пікір алмасып, алдағы уақытты тығыз байланыс орнатуға келісті.

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст