Талапкер ауылының ЖОББМ 3-4 сыныптар арасында "Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында сурет көрмесі өтті .
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы - еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты . Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл - адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқымыз келеді. Халық даналығы – «Адамнан - адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.Балалар – еліміздің болашағы. Ананың бесік жырынан басталатын қарым - қатынасы, іс - әрекет, әдет - ғұрып, салт - дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана - сезімін, мінез - құлқын қалыптастыратын тәлімдік мұра. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз».