"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Облыстық сайысқа жолдама алды

01.11.2022

Облыстық сайысқа жолдама алды

19.10.2022 жылы Қоянды ауылы №2 мектебінде  Республика күніне орай «Мен өз елімнің азаматымын» тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті. Дебаттың мақсаты заман талабының сұранысына саласы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен жастардың жаңа буынын қалыптастыру. Айналасына сыни көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсенді араласатын 8 мектептің  оқушылары қатысты. Бірінші айналым тақырыбы: «Бп: барлық әлеуметтік желілердегі “лайк” жүйесін алып тастауды міндеттейді» болды. Финалға Майқы Асылай, Касымхан Аяжан,  Нурмамбетов Молдатай , Азербай Амина Кененқызы өтті.
Ойынның финалдық кезеңінде дебатшылар: «БП ата-аналар балаларының мүддесін өздерінің мүддесінен жоғары қоюы керек деп есептейді» тақырыбында пікірсайысты. Алғырлығымен, сөз шеберлігімен өз ойын еркін жеткізе білген Қоянды ауылы №2 мектебінің оқушысы Майқы Асылай және Талапкер ауылы мектебінің оқушысы Азербай Амина Кененқызы облыстық дебатқа жолдама алды. Аудандық дебат өте қызықты, әділ, белсенді өтті. Бүгінгі жеңіске жеткен қатысушыларымызды құттықтаймыз!!! 
#Балаларжылы
#Годдетей
#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#rumcdo_official 
#ядебатер
#менпікірсайысшымын

Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст