"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Информатика пәнінен 4-ші «Ә» сыныптың оқушылары арасында "Менің алғашқы программам" жобалар сайысы өтті.

18.10.2022

18.10.2022ж Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Математика және информатика онкүндігі аясында Информатика пәнінен 4-ші «Ә» сыныптың оқушылары  арасында "Менің алғашқы программам" жобалар сайысы өтті. Оқушылар SCRATCH бағдарламалау ортасында  өздері құрастырған программалық кодты ұсынып, нәтижесінде шыққан анимациялары мен ойындары көрермендер мен әділ қазыларды қызықтырды. Сайыстың кіріспе бөлімінде Марат Гүлім, Серік Жұлдызай, Нажарова Медина  SCRATCH прогламмалау орта туралы қызықты мәліметтерді ұсынды. Сергіту сәті кезеңінде информатика пәні мұғалімі Мақыш С.А. «Сиқырлы жәшік» атты қызықты ойынын өткізді.  Сайыс соңында қазылар алқасы қорытындылап, мына нәтижеге келді: 1 орын – Серік Жұлдызайдың «Бишілер» жобасы  мен Әмірхан Рауанның «Жылан» жобасы, 2 орын – Құнанбай Бейбіттің  «Баскетбол» жобасы  және Ерғазы Бақытгүлдің «Балапан» жобасы, және де Оразалы Жанболаттың «Теннис» жобасы  және  Бақыттығасыр Іңкәрдің «Мысық пен тышқан» атты  жобасы үшінші орынды иеленді.

Өткізген: Магзумова Р.С., Мақыш С.А. - информатика пәні мұғалімдері

 

Просмотров: 820


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст