"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қазан айының 13-і күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасөспірімдер телефонға тәуелді ме?» тақырыбында дебат өткізілді.

18.10.2022

Қазан айының 13-і күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасөспірімдер телефонға тәуелді ме?» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатқа 10-11 сынып оқушылары қатысты. Қазіргі уақытта жастардың телефонға тәуелділігі жоғарылап бара жатыр, телефонды қолдануды шектеу керек деп дабыл қаққан 10 «Б» сынып оқушылары Бекболат Арайлым мен Ескермес Диана үкімет тобында өз аргументтері мен фактілерін келтірді. Оппозициялық көзқарастағы 10 «А» сынып оқушылары Құсайын Райымбек пен Совет Айсұлу телефонды қолдану заман талабы, жаңа технологияларды меңгеру үшін оқушылардың телефонды қолдануын шектемеу керек деп өз мәліметтерін келтірді. Ойын өте тартысты өтті. Ойын соңында төрешілер ойынды бағалап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст