"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

8 "Е" сыныбында «Бақытты бала - бақытты ана - бақытты отбасы - бақытты ел» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.

17.10.2022

Мектепішілік жоспар негізінде 8" Е "сыныбында "Бақытты бала - бақытты ана - бақытты отбасы-бақытты ел" тақырыбында ата - аналармен кездесу өткізілді. 

Мақсаты: Оқушылардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алтын қазығы өз туған ұясы екенін ұғындыру.
Сабақтың басында оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында балаларға "Бақытты отбасы деген не?" сұрақ қойылды, содан кейін "Бақытты отбасы"  бейнеролигі көрсетіліп, "Кластер" құрылды, оқушылар өз ойларын жазды, әр топтан екі-үш оқушы шықты, өз жұмыстарын көрсетті және талдады. Мақал – мәтелдерді жалғастырып, жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ екені түсіндірілді. Ата-аналар комитеті сөз алып, балаларға ақыл кеңес бере отырып, балалардың бос уақытын (демалыс уақытында) бірге өткізуге жоспар құрды.

Просмотров: 686


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст