"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы ЖОББМ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай мектепішілік « Ахмет Байтұрсынұлы-Ұлы ұстаз» тақырыбында өтіп жатқан апталықтың екінші күнінен ақпарат.

04.10.2022

Талапкер ауылы ЖОББМ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай мектепішілік  « Ахмет Байтұрсынұлы-Ұлы ұстаз» тақырыбында өтіп жатқан апталықтың екінші күнінен ақпарат.
     Апталықтың екінші күні-04.10.2022 жылы мектебімізде 7-8 сыныптар аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы—дәуірдің дара тұлғасы» тақырыбында және 5-6 сыныптар аралығында «Ахмет өмірінен» тақырыбында диктант жазуы болып өтті. Әр сыныптан  оқушылар қатысты. Балаларға диктант мәтінін оқи отыра , оларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен қосымша мәліметтермен таныстыру негізгі мақсаттардың бірі болды. Оқушылардың сауатты жазумен қатар ақын өмірінің кезеңдерін біліп шығуы көзделген. Балалар жақсы жазып шықты. Диктанттың соңында балалар жазған мәтіндерін тағы бір тексеріп шығып тапсырды. Диктант нәтижесін аптаның соңғы күні, аптаның жабылуында  айтылып, үздік диктант жазған оқушының есімі белгілі болады.

Жауапты мұғалімдер: Ахметова К. О, Кайкенова А.А.

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст