"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

6 “В” сыныбында «Әлемге әйгілі Ұлы Мұхтар» атты тәрбие сағаты өтті.

19.09.2022

Талапкер ауылының ЖОББМ-нің 6 “В” сыныбында «Әлемге әйгілі Ұлы Мұхтар» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағат барысында шолу ретінде жазушының өскен ортасы, балалық шағы, білім алу жолы, әдеби және қоғамдық қызметінің алғашқы кезеңі баяндалды. Оқушылардың әрқайсысы өз пікірлерін шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы білдірді. Әркім өз пікірін дәптеріне жазып, оқып берді. Мұндай жұмыстар сын тұрғысынан ойлауға, зерттеушілікке, өзіндік ізденістерге, шешім тұжырым білдіруге, мәтінмен жұмыс істеуге, көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылықтарын оятады.
Келесі кезекте оқушылармен бірлесе отырып «Не білдік, не таныдық, не үйрендік?» сұрақтарын ой елегінен өткізіп, сабақты қорытындыладық. Ең бастысы, оқушылар тарих көшімен бірге мәңгіге ұласа берер есім - М.Әуезовке деген адал махаббат пен ыстық сезімді түйсінеді, ұлы тұлға бейнесі оқушы санасында жаңғыра түседі.

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст