"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Менің мамандығым кітапханашы»

11.10.2019

Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз, өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым  кереметтерін де кітапхана қазынасынан табамыз.

Ғасырдан жұмбақ ашқан талай кісің.

Сырың мол, мұра ғажап арайлысың.

Сан ұрпақ сусындаған кітапхана

                    Сарқылмас парасаттың сарайысың – деп ақын Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай, кітап сүйер қауымның бұлағынан бастау алып, оқырмандарына қызмет ете бастаған кітапхана – бүгінде ғасырға жуық тарихы бар білімнің, елімізді, егемендігімізді танытатын рухани орда.

Бүгін 11.10.2019 жыл №3 Талапкер орта мектебінің кітапханасында «Менің мамандығым кітапханашы»  тақырыбында Целиноград аудандық кітапханашылар семинары өтіп жатыр. Осынау қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелерін келе жатқан төл мерекелерімен құттықтаймыз!

 

Просмотров: 1075


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст