"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2021-2022 оқу жылында оқушылардың білімде жіберілген олқылықтарын жою барысында ұйымдастырылған жазғы мектеп жұмысы жөнінде есеп

15.06.2022

  Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сүйене отырып , оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында  жазғы  мектеп жұмысы әзірленді.

Жазғы мектеп жұмысы  2022 жылғы   26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық білім алушылар үшін ұйымдастырылды.

Жазғы мектепте оқыту ата-аналар өтінішіне сүйене отырып, 1-8,10 сыныптағы білім алушыларға ұйымдастырылды,.

 Жазғы мектеп жағдайында үлгерімі төмен білім алушыларға күрделі пәндерді игеруге көмектесу маңызды.

Алдын ала жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітілді.

Оқу жұмыс жоспарын педагогтер меңгерілуі күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, кіші бөлімдер мен оқу мақсаттарын, диагностика нәтижелерін ескере отырып жасады

Жазғы мектептердің топтары/сыныптары оқу жылы ішінде педагогтер анықтаған білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және пәндік білім деңгейін диагностикалау нәтижелері негізінде қалыптастырып, кестені құрылған сыныптарды ескере отырып жасалады.

Жұмыстың нысандары мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындалды, білім алушылардың санын, оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындалды.  

Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары мен ресурстарын мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып, сараланған тапсырмаларды әзірлеуге тырысты.

  Білім алушылардың танымдық ынтасын арттыру мақсатында қосымша ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио, бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған оқу тапсырмаларын пайдалану ға тырысты

Оқу материалының мазмұны оқу процесінде білім алушылардың ойлау процестерін дамытуға, ойластырылған шешімдер қабылдау, оларды дәлелдеу, ақпаратпен жұмыс істеу, талдау, салыстыру, қорытындылау біліктерін дамытуға бағытталды, жазғы мектептің оқу процесінде үлгерімі нашар білім алушыларға педагогикалық қолдау көрсетіліп,жеке жұмыцстар жүргізілді.  

Сабақ өткізу кезінде педагог:

– балалардың эмоционалдық көңіл-күйіне назар аударуға және оқуға қолдау көрсетуге тырысты;

  Негізгі пәндер бойынша сабақтар оқу жылының ең маңызды тақырыптары қамтылды. Балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқуы ұйымдастырылды. Кітаптарды топтық талқылау, түсіну, талдау, салыстыру, қорытынды жасау арқылы оқу дағдыларын дамытуға тырысты.

                                                                                    ОІО:                                 Г.С.Ахитова

Просмотров: 564


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст