"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Президент Жолдауы талқыланды

16.09.2019

Президент Жолдауы талқыланды

Екінші қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті. Мемлекет басшысының осы Жолдауы №3 Талапкер орта мектебінде мұғалімдер мен жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен талқыланды. Тарих пәнінің мұғалімдері А.А.Байманов пен Е.Т.Рахимов Жолдауға қатысты баяндамалар жасап, Жолдаудың ең маңызды тұстарына тоқталды. Баяндамалардан соң мектеп мұғалімдері мен оқушылар Жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салып, мемлекет басшысының Жолдауынан өте көп үміт күтетіндерін, білім саласына қатысты өзгерістерді қолдайтындарын жеткізді. Ұстаздар қауымы мұғалім мәртебесінің жоғарлауы мен жалақысының өсуіне ерекше көңіл аударып отырған Қ.К.Тоқаевқа өз ризашылықтарын білдірді.

 

2019 жылдың 2-қыркүйегіндегі ҚР-ның Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауын  мұғалімдер мен 11–сынып оқушылары арасында талқылау мақсатында ұйымдастырылған жиыннан көріністер:

 

Ақпарат беруші: «Тарих» бірлестігі

Просмотров: 744


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст