"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ЖОББМ оқушылары "Жақсы кітап - жан азығы" атты облыстық байқауда өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды

04.05.2022

  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  және «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында  Талапкер  ауылының жалпы орта білім беретін мектебі   «Жақсы кітап –жан азығы» облыстық байқауға қатысып, осы  байқаудың   ережесі бойынша  «Кітап -білімнің қайнар көзі» атты кітап жинақтаған болатын.

 Байқауға қатысу оқушылардың оқу мәдениетінің деңгейін ,  оқушылардың рухани және зияткерлік дамуын арттыру, мектеп кітапханаларында  кітап шығаруды ынталандыру, оқушылардың шығармашыларын қолдау меқсатында болды.

Байқауға ұсынылған материалдарда жақсы білімі көрсетілген және әлемге деген ғылыми көзқарасы бар дарынды оқушылардың жұмыстары жинақталды.

Жас дарындардың     өздерінің жүректерінен шыққан шығармаларында туған жеріне деген сүйіспеншілігі, адалдық ,шыншылдық,  патриотизм сезімдері бар. 

Біздің мектептің дарынды оқушылары  облыстық  байқаудың мақсаты мен міндеттерін  орындап, сырттай конкурстың  қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды иеленіп,  ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші осындай шәкірттерінің жетістіктерін жарыққа шығаруға ат салысып кітапханшыларға бағыт-бағдар берген:   қазақ тілі пәнінің мұғалімі Шантасов Айболат Серікбайұлына, Сейткарімова Айымкүл Тұрманбекқызына алғысымыз шексіз.

       Осындай шәкірттеріміз көп болса деп тілейміз!

Просмотров: 445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст