"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Кітап -білімнің қайнар көзі» атты кітап жарық көрді.

22.04.2022

     Талапкер  орта  мектеп  кітапханасында  «Жақсы кітап –жан азығы» облыстық конкурстың ережесі бойынша  «Кітап -білімнің қайнар көзі» атты кітап жинақталды.

  Мақсаты: мектеп кітапханасында  кітап шығаруды ынталандыру және  осы салада өз жетістіктерін көрсету.

  Міндеті:Оқушылардың үздік шығармаларын басылымдарда көрсету. Кітапқа және оқуға деген қызығушылақтарын арттыру.

    Оқушыға оның бойындағы жасырын жатқан мұмкіндіктерін ашып көрсету.

  Дайындалған жинақта оқушылардың шығармашылық жұмыстары енгізілді. Оқушылар өздерінің жүректерінен шыққан өлең жырлары мен әңгімелерін және  тақырыпқа сай  иллюстрацияларды айшықтап жинақтаған.

Туындылардың  тақырыбы да сан алуан түрлі: адалдық, адамгершілік, сүйіспеншілік,  туған жер,   анаға, ақындарға арнау,  тағы басқалар.

 Мектеп оқушыларына  жинақтап кітап шығару -  сөз  мәдениеті мен  көркем сөздерін қалыптастыру үшін маңызды құрал болып табылады.

 Жинақтың (Кітаптың) ішіндегі  ұлтымыздың бірегей тұлғасына арналған жырлар кейінгі толқын – жас ұрпаққа  ғибрат өлеңдер  тартымдылығымен,мазмұн тереңдігімен оқырмандарына жақсы әсер қалдырады деп ойлаймыз.

Просмотров: 474


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст