Бекітемін: Келісемін:
№3 Талапкер орта мектебінің директордың оқу-тәрбие жұмысы
директоры: жөніндегі орынбасары:
Абеева С.Х_________ Хамзина Г.А.___________
Тақырыбы: «Күншуақ» мектеп жаныңдағы лагері
Жауапты : Аукирова А.Т.
2018-2019 оқуы жылы
Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы
1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған ертеңгіліктің сценарийі
Тақырыбы: Балауса бағым, шаттық пен қуаныш ордасы
Мақсаты:Балалардың жеке қасиеттерін дамыту,өлеңдерді, әндерді нақышына келтіре айтуға үйрету. Бір- бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жалаушалар, түрлі- түсті шарлар.
Өтілу барысы:
Жүргізуші: Армысыңдар балалар, бармысыңдар
Жазда келді жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәріңде бармысыңдар!
Жүргізуші: Бүгін бізде мереке қуанышта балалар,
Хош келдіңдер, хош келдіңдер, ата- аналар, қонақтар
Құрметті «Күншуақ» лагерінің балалары көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз.!Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын!Болашақтарың жарқын, аспандарың ашық,елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар , демекпін.
Баршамызды бала тілмен баурайтын
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата- ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Деп әнге жол берейік.
Бегалиналардың орындауында « » ән
Жүргізуші: Ән айтайық қосылып
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі
Би шашу : « »
Жүргізуші : Балалар, бүгін бізге қонаққа бүкіл әлемге жарық жылу беретін күн келу керек еді. Бірақ күніміз қиын бір жағдайға ұшырап қалған сияқты. Жарық, жылу беретін күнге көмектесеміз бе? Қанекей қарайықшы. Күнді көріп тұрсыңдар ма? ( Күн костюмін киген ұл. Төрт бала бұлт болып, күннің көзін жауып тұрады)
-Күнге нелер кедергі болып тұр? Бұлттар күнді бізге қарай жібермей тұр. Күнді құтқару үшін бәріміз бірігіп сиқырлы сөздерді айтайық.
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда күн күлсін
Жерге ұдайы нұр құйсын!
(Бұлттар екі жақа қарай ашылады, күн ортаға шығады)
Күн:
Сәлем, гүлім!
Сәлем , жерім!
Сәлем,саған- туған елім!
Бір шаңырақ астында
Сен тұрасың,
Ол тұрады,
Мен тұрамын,
Біз тұрамыз!
Жүрек жылуын,Берем саған,
Берем сіәзге,
Берем мен бәріңізге!
Диас: Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүгіндей,
Бейбіт болсын болашақ!
Бақыт: Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат.
Жаз келді деп қуанып,
Шаттанады бүлдіршін!
Альбина: Бала деген бал дерсің, ел еркесі
Әрнбір үйдің шаттығы берекесі
Бүгінгі күн мінекей балғындардың
Қуанышқа кенелген мерекесі
Баян:
Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
Қуыршақ биін билейді томпаң қағып
«Балапанның» шуақты сәбилері
« » биі орындайтын: «Жұлдыздар» би тобы
Нұрперзент: Балақай-ау, балақай,
Жаз келеді алақай!
Жалаң аяқ жүреміз
Балақты да түреміз.
Ермұрат: Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз
Бұнда жақын туыстық
Бұнда тұңғыш достық дос таптық.
Ербол
Біздің топта ұл – қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар жанға
Тек жақсылық ойлаймыз
Нұртөре: Сүйкімділер, періштелер сендерсің
Қандай бақыт өздеріңе тең келсін
Данышпанда, ғарышкерде, ғалымда
Ең алдымен балалықты меңгерсін
Ханшайым: Бейбітшілік әніміз
Бауыласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз
Хор: « »
Жүргізуші: иә, рас, бала болған бәрі де
Салған олар балалықтың әнін де
Бала кезін еске алып отырсақ
ортаға ойын ойнауға шақырамыз.
Жүргізуші: Өнерлі өрге жүзер талаптанып
Қыран биік самғайды қанат қағып
Адам үшін парыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
« » биі
Жүргізуші: Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние көрікті де көңілді
Ән шашу: « »
Нұрдаулет: Біз тілейміз бар бөбек
Бақытты өмір сүргенін
Туған елге еркелеп
Қуанғанын күлгенін
Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын әрбір күнің арайың
Қадамдарың сәтті болсын балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!
(Ата-аналардан бата сұрау)
Бақшаға біз гүл ексек ,
Балдырғаным, сен үшін,
Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар, күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол, өсе бер,
Құтты болсын мерекең! –деп, «Балауса бала бағым, шаттық пен қуаныш ордасы» атты мерекелік ертеңгіліміді аяқтай келе, балаларды мерекелік тәттілер ұсынамыз.
Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет.