Текст
2022 жылы 11.04 күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2 «Д» сыныбында «12 сәуір - ғарышкерлер күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Максаты: Балаларға Ғарыш және ғарышкерлер туралы толық түсінік беру, білімдерін одан әрі кеңейту. Тұңғыш ғарышкерлерімен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру.Оқушылардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекқорлыққа, адамгершілікке, өз елінің батырларын құрметтеуге тәрбиелеу. Сыйластыққа тәрбиелеу болды. Оқушылар жұмбақтар шешіп, Ғарышкерлер ойынын ойнады. Сабақ соңында өздерінің салған суреттерімен бөлісті.