"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Денсаулық күні

11.04.2022

       «Жалпыға бірдей денсаулық» ұранымен өткізілетін Дүниежүзілік денсаулық күні аясында,№3 Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде, 3 сыныптар арасында жалпы оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған жаппай денешынықтыру жаттығулары өткізілді.

       Жаппай жаттығулар өткізудің мақсаты - балалардың денсаулыққа қатысты жауапты мінез-құлық тәрбиелеу, салауатты өмір салты машықтарын қалыптастыру болып табылады.

        Аталған мектепте балалардың денсаулығын нығайтуға, оларда денсаулыққа деген сауатты көзқарастарын қалыптастыруға, оны қолдау үшін жағдай жасауға бағытталғанын айта кеткен жөн.

       Қазіргі таңда балалар семіздігі мен басқа да жұқпалы аурулардың деңгейі артып, жатқан жағдайда ересектердің үлгісінде денсаулық мәдениетін дамытуға ықпал ететін бастамалар денсаулықты сақтау және нығайту маңызды екендігін тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де растайды.      

       Балалар ұдайы өсу фазасында, қалыптастып жатқан бұлшықеттердің үйлесімді физикалық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін белсенді қимыл-қозғалысқа деген қажеттілік, дене белсенділігі оларды мықты болуға көмектеседі; жүрек, сүйек және буындардың саулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дене белсенділігі сонымен қатар, зейінділік пен оқу қабілетін жақсартады, күйзелістен арылтады. Дене белсенділігі дұрыс салмақты ұстап тұру үшін де өте маңызды рөл атқарады.

        Мамандар денешынықтыру зейін мен оқуды жақсартып, стресті азайтатынын, тіпті салмақтың ойдағыдай болуын қадағалауға пайдасы мол.

     Жаттығу кезінде балалар түрлі спорттық жаттығулар жасады және жаппай жүгірді. барлық оқушылар ерекше белсенділік танытты.

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст