"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Дыбысты қалай қаттырақ шығаруға болады?

17.05.2019

Пән: Жаратылыстану

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Табиғат физикасы

Күні:

 

Сынып: 2 «Ж»

Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі

 

Мұғалімнің аты-жөні: Жәнібек Әйгерім   Арқабайқызы

 

Қатысқандар саны: 26

 

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ  тақырыбы:

 Дыбысты қалай қаттырақ шығаруға болады?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.5.3.1 - дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу

 

Сабақ

мақсаттары

Барлық оқушылар: дыбыстың қаттылығы бойынша ажыратады, дыбыс құбылысын зерделейді;

Көптеген оқушылар: дыбыс қаттылығын заттармен ажырата алады, қатты дыбыстарды зерделейді;

Кейбір оқушылар: дыбыстың шығуын жіктейді, қажетті жағдайларды зерделейді, өмірмен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

 Дыбыс көздерін қаттылығына қарай жіктейді

Дыбыстың шығу құбылысын зерттеу арқылы оның қасиетін анықтайды.

Тілдік  мақсаттар

 

Дыбыс көздерін қаттылығына қарай жіктеу

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Қатты, бәсең.

Диалогқа⁄жазылымға қажетті тіркестер: Қай жерлерден дыбыстар естіледі? Дыбыстардың қандай түрлері бар?

Құндылықтарды дарыту

 

Топтық жұмыс кезінде бір-бірін құрметтеу, пікірлесу арқылы ынтымақтыстыққа, өзара бағалау арқылы ашықтық құңдылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Музыка

 

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба, «қатты және бәсең» дыбысты заттар

Бастапқы білім

Дыбыстар туралы білімдерін пысықтау

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

 

2 мин

 

 

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Тренинг: Джунглидағы жаңбыр

Ортаға шеңбер құрып тұрамыз. Мен жасаған қимылдарды қайталаймыз. Келесі қимылдың кезегі келгенше жасап тұра береміз.

Екі қолымызбен санымызды ұрғылаймыз.

Алақанымызды уқалаймыз.

Шапалақтаймыз.

Аяқтарымызбен тарсылдатамыз. (екі рет қайталаймыз)

Аспаптар бойынша топтарға бөлу.

  • Үстел үстінде жатқан әртүрлі музыкалық аспаптардың суреті бар кеспе қағаздарды аламыз.
  • Қанекей, кім қандай музыкалық аспаптың суретін алды, сол бойынша топқа бөлініп отырамыз.

Шеңберде тұрған оқушылар бір-бірлеп суреттерді  алады.

1-топ: «Домбыра»

2 топ: «Қобыз»

3-топ: «Дауылпаз»

                  

Әуен

Сабақтың

ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ойлан тап» әдісін ұйымдастыру. Балалар тыныш отырып әртүрлі дыбыстарды естиді. Естіген дыбыстарды анықтап айтады?

  • Мынау ненің дыбысы?
  • Мынау қандай дыбыс?
  • Олар қалай естілді?
  • Қатты дыбыс екенін қалай білдіңіздер?
  • Бәсең дыбысты қалайша ажыратуға болады?

Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз?

 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

«Суретті галерея» әдісі арқылы суретпен жұмыс

Оқушыларға музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, атауын сұрау.

  • Балалар, мына аспап қалай аталады?
  • Кім домбырада ойнай алады?
  • Мынау қай аспап? Оны қай жерде көрдіңдер?
  • Аспаптардың қандай түрлерін білесіңдер? (шертпелі аспаптар, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар).

  Дескриптор:

• Аспаптардың түрлерін ажырата алады

• Дыбыстың түрлерін ажырата алады

• Дыбыстардың шығуын, қасиетін анықтайды.

   Кері байланыс:

• Жарайсың!

• Жақсы!

• Талаптан!

«Ойлан тап» әдісі арқылы (Ө.Ж) оқушылар берілген аспаптарды дыбыстарына қарай бөліп, жабыстырады.

  1. Бәсең дыбыс шығаратын заттың суретін сал
  2. Қатты дыбыс шығаратын заттың суретін сал

Дескриптор:

• Бәсең дыбыс шығаратын затты ажырата алады

• Қатты дыбыс шығаратын затты ажырата алады

Бағалау тәсілі «Бас бармақ» әдісі арқылы.

(Ө.Ж) Саралау тапсырмасы

1-топ: Берілген тіркестерді оқы. Олар қалай естіледі:

Байланыстырып сыз.

Жапырақтың сыбдыры, сағаттың дыбысы, ұшақтың гүрілі, аттың шабысы, судың сылдыры, пойыздың даусы.

2-топ: Қатты және бәсең естілетін дыбыстарға мысал келтір.

3-топ:  Әртүрлі ыдыстар мен құралдардан аспаптар жасау.

Бағалау тәсілі «Жұдырық –алақан» әдісі

Оқушылар бір‾бірін бағалайды. Олай болса шартты белгілермен көрсетейік.

Барлығы дұрыс –ашық алақан8764699-open-palm-with-five-fingers

Жартылай –үш саусағын жоғары көтереді 

Толық емес–жұдырығын көрсетеді.

 

Дескриптор:

Білім алушы:

қатты дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;

• бәсең дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;

• қатты және бәсең естілетін дыбыстарға мысал келтіреді.

Сергіту сәті

Жел улейді у-у, (оқушылар қолдарын жоғары көтеріп, теңселеді)

Құйың келіп билейді зу-зу, (оқушылар бір орында тұрып айналады)

Қатты қатты жел соқты гу-гу, (оқушылар қолдарын көтеріп, қайтадан теңселеді)

Жаңбыр жауды тырс-тырс (партаның бетін саусақтарымен тарсылдатады)

Найзағай жарқылдады (оқушылар қол шапалақтайды)

Жаңбыр басылды,

Күн ашылды (оқушылар отырады)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8764699-open-palm-with-five-fingers

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Балалар, бүгін біз сендермен не туралы әңгімелестік ?

- Біздің сабағымыздың мақсаты қандай болды?

- Сол мақсатымызға біз жеттік пе? Олай болса шартты белгілермен көрсетейік.

Рефлексия: Өзін-өзі бағалау «Желкенді қайық»

Егер саған сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, желкенді жасыл түске боя;

Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;

Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді жасыл түске боя.

   Егер қаласаң, кемені де бояуыңа болады.

 

 

 

 

 

 

Картинки по запросу рефлексия кораблик

 

 

 

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Сабақтың өң бойында бағалау критерилеріне тапсырмалар құрастырылып төмендегідей дескрипторлар ұсынылды: Дескриптор:

• Аспаптардың түрлерін ажырата алады

• Дыбыстың түрлерін ажырата алады

• Дыбыстардың шығуын, қасиетін анықтайды.

Дескриптор:

• Бәсең дыбыс шығаратын затты ажырата алады

• Қатты дыбыс шығаратын затты ажырата алады

Дескриптор:

Білім алушы:

қатты дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;

• бәсең дыбыс шығаратын дыбыс көздерін анықтайды;

• қатты және бәсең естілетін дыбыстарға мысал келтіреді.

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

 

Сабақ кезінде жоспарлаған сергіту жаттығулары, қатты, бәсең дыбысты заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесі сақталды.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 

Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

 

 

/public/files/2019/5/17/170519_080522_gharatylystanu-aygerim.docx

Просмотров: 1374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст