Әр азамат өз елінің тарихын білуі керек.Тарихымызды білу арқылы біз өзіміздің ұлттық сана сезімімізді жоғалтпаймыз.Ал ұстаздар қауымы өсіп келе жатқан ұрпаққа тек білім ғана емес, өз елі мен жерін сүюге, Отанын қадірлеуге үйретуі тиіс. Мектебімізде оқушының бойына ұлттық рухты, ұлттық сананы сіңіретін айқын, асқақ ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар үнемі өтуде. Сондай шаралардың қатарына мұражайлар мен мемориалды ескерткіштерге барып, ежелден аңсаған азаттыққа қалай жеткенімізді көрсету болып табылады. Мектебіміздің 9 «а» сынып оқушылары көктемгі демалыс кезінде саяси қуғын –сүргін және тоталиризм құрбандарына арналған «Алжир» мемориалдық-мұражай кешеніне барып,соқыр саясаттың қара таңбасына айналған сұрапыл жылдарындағы адамдардың тағдырымен танысты. «Алжир» мұражайы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамымен 2007 жылы 31 мамырда лагерь тұтқындары отырғызған алма бағының орнында ашылды. Лагерь және оған тиісті нышандар Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан қазіргі Ақмол аулының аумағында орналасқан. Оқушылар лагерьдегі саяси жер аударылған «халық жаулары» таситын «Сталиндік вагон», шарасыздық пен әлсіздікті , бостаңдыққа шығуға сенімсіздікті білдіретін «Түңілу мен әлсіздік» композицияларымен танысты. Мұражайдың ішіне кірмес бұрын , оқушылар «Қасірет қақпасы» монументінен өтіп бара жатып бас иіп, қуғын-сүргін жылдары мерт болған адамдарға тағзым жасады. Мұражай ғимараты кесілген конус пішінді болып келеді. Бұл құпиясы мен сыры ашылмаған қобдишаны білдіреді. Ғимараттың терезесі жоқ, бірақ жарық экспонаттарға жоғары жақтан түсіп тұрады және құпия біртіндеп ашылады дегенді меңзейді. Шынымен, мұражайға кірген кезде біз білмейтін құпиялар бірте- бірте ашылып, тарих қойнауына кіргізгендей болды. Мұражай ғимараты екі қабаттан тұрады. Бірінші қабатта «Алаш» залы орналасса, екінші қабатта «Алжир» тұтқындарының өмірін көрсетеді. Өткенді еске алу –орныққан ұлтаралық келісімнің негізі болады демекші, оқушының сол күндердегі тарихпен танысып,болашақта саналы , парасатты өмір сүруге тырысатыны айтты.
Биология пәнінің мұғалімі: Каина Н.Ж