Тақырыбы: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» (Тәрбие сағаты) :
Мақсаты: Оқушыларды Отанды қорғауға, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.
Өтілу барысы: Сынып ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады. «Әнұран
І ж:Тамирис
Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді женген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн — деп ақын Қадыр Мырза Али жырлағандай «Бақыт гүлін терген күн!» атты Ұлы жеңістің 74 жылдығына арналған ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ - ж: Айдар
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.
Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.
ІІІ - ж: Айсұлу
Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.
І ж:Тамирис
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
ІІ - ж: Айдар
Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар. Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық. Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алайық. (1 мин үнсіздік)
Көрініс: «Соғыс қасіреті» (күй ойнап тұрады)
Немересі(Данияхмет): Әже, әже! Бүгін меннен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді. (әжесін құшақтап еркелей күледі)
Әжесі(Аяулым): Талабына нұр жаусын, арманыңа жет балам! (маңдайынан сүйіп, қасына отырғызады, әкесі жымыиып, салмақты киіпте пышағын қайрап отыра береді, келіні ыдыс алып, келе жатып, радиодағы хабарды тығдап тұрып қалады).
Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва. Бүгін, таңертеңгі сағат 4-те Неміс фашисттері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабул жасамау туралы шартты опасыздықты бұзып, біздің еліміздің терреториясына басып кірді.
(Ән «Священная война», қолындағы ыдысы түсіп кеткен келіні жылап, бетін жабады).
Немересі(Данияхмет):
— Аттан! — деді,
Ол қазір аттанады.
Жауынгердің ролін атқарады.
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан, әке,
Жолыңнан кешігесің.
Кудесінде жаны бар пақырларың,
Тауып жейді сенсіз де несібесін. (әкесін келіп құшақтайды)
Әкесі(Мейірхан):
— (әкесі қолындағы бір жасар баласын қызына беріп тұрып)
Тыңда балам, тыңда күнім,
Болуға жара қолқанат.
Кәрі анам, сәби інің,
Барлығы саған аманат.
Әжесі(Аяулым):
— Оралсын аман жеріне,
Көріссін туған елімен.
Келің-ау көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін(Алмира):
— (қалтаға салынған топырақты берген келін)
Кебін киген өледі,
Кебенк киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді келеді. (жарының соңынан жылап қалады)
ІІІ ж:Айсұлу Отан ана жылағанда шер сеніп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық, деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
І ж:Тамирис Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.
Монтаж: 1 —Сапар:
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
2 — Ернур:
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
3 — Әділ:
Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
4 — Абылайхан:
Жабаады,
Дала төсін нала, қайғы.
Шын қайға жас кәріге қарамайды.
Қып-қызыл көлдің бетін
Сұңқылдаған,
Аққулар қанатымен сабалайды.
Долданып,
Лайланып тасқын әні
Сай-сайды тастарымен бастырады.
Селкілдеп,
Желкілдеген қамыс құрақ.
Өкіріп,
Өзен басын тасқа ұрады.
5 — Уалихан:
Күннің де жүзі қызыл күндегіден,
Иттердің ұлуы көп үргенінен.
Қаншапшып, қауызыннан райханның,
Еменнің жас тамып тұр дінгегінен.
Жас бала дір-дір етті мұны көріп,
Жіберді төгіп, мұңын өрік.
Қоштасу,
Жылау,
Тілеу,
Қайрат беру...
Дүние кетті бір сәт күңіреніп.
6 — Нұрасыл:
Найзағай жиі-жиі шақпақталып,
Майданға азаматтар жатты аттанып.
Ежелден біздің елдің рухы асқақ,
Сенімін қалды сонда сақтап халық.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден».
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен.
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
2 - ж:Айдар Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді.
Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
Олай болса сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең жолдарын тыңдау үшін оқушыларға сөз берейік!
1-АРМАН : «Бауыржан Момышұлы»
2- Инкәр : «Бауыржан Момышұлы
3-Асылзада: «Әскер аты»
4-Гүлхан: «Соғыс»
5- Нұртілеу: «Жеңіс күні»
6-Айтуған: «Жеңіс»
7-Илияс : «Жеңіс»
8-Тамирис. «Жеңіс»
ІІІ – ж Айсұлу: Жабады дала төсін нала, қайғы, Шын қайғы жөн кәріге қарамайды, Қып-қызыл көлдің бетін сұңқылдаған Аққулар қанатымен сабалайды
Хор «Жас ұлан»
І ж: Тамирис 1941 жылдың 16 қарашасында немістер Москваға Волокалам бағытында ұрысқа шықты. 1075 — атқыштар полкі 4 — ротасының 2 — взводы тұрған бекініс жаудың 30 — танкісі шабул жасады. Взвод жауынгерлері барлығы 28 адам төрт сағатқа созылған ұрыста жаудың 14 танкісін қиратты. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 18 панфиловшының 23-і қаза тапты. 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.
ІІ ж. Айдар: Соғыс жылдары қазақстандық бес әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына әлденеше ордендер қадалды. Олардың жауынгерлерінің ерлігі аңызға айналды. Соның ішінде атақты панфиловшылар дивизиясы бар. Оның құрамынан шыққан батальон, кейіннен дивизия командирі болған Бауыржан Момышұлының, Мәлік Ғабдулиннің есімдері соғыс тарихынан мәңгілік орын алады.
Көрініс: «Отан үшін отқа түс».
(шағын бөлмеде қабырғадағы картаға мұқият қарап, генерал тұрады).
Генерал:(Шыңғыс) Қап! Мына фашист иттің тікендей қадалып тұрғанын қарашы! Соқыр ішектей созылып тұрғанын лағалеттің. (осы кезде Бауыржан кіреді)
Бауыржан:(Сапар) Бұйрығыңыз бойынша келіп тұрмын жолдас генерал!
Генерал: (Шыңғыс) Ах, соғыс, соғыс! Майдан, қырғын арпалыс, қылшылдаған аяз, қасарысқан дұшпан. Осының барлығына шыдау керек.
Бауыржан( Сапар) Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық емес пе?! Шыдаймыз, жеңеміз жауды!
Генерал: (Шыңғыс) Капитан Момышұлы, сізге батальоныңызбен бірге Москва түбін жаудан азат етуді бұйырамын.
Бауыржан:(Сапар) Құп болады жолдас генерал.
ІІІ ж:Айсұлу Қызыл армия Масква түбінде Гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл шайқаста Бауыржан Момышұлы басқарған батальон ерліктің тамаша үлгісін көрсетіп, жауды ойсырата жеңді. Фашистердің Москва түбінде жеңілуі Ұлы Отан Соғысындағы түбегелі бетбұрыс болды( Слайд көрсетіледі Бауыржан Момышұлы)
I ж:Тамирис Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақсақалды аталар бәріне төзді. Таңның атысынан көннің батысына дейін ферманың жұмысымен әскерлерге арнап шұлық тоқыды.
Азамат:
Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар таптады.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр ел үшін.
Әлия, Мәншүк, Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.
IІ ж:Айдар Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 74 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 74 жыл.
74 жыл — бейбір көктем таңы атқалы,
74 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
74 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
Бегалина Инкардің орындауында Ән « »
Шашу шашылады.
ІІІ ж Айсұлу:
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.
І Ж.Тамирис:
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.
Ән: «Қазақстаным»
1І - ж:Айдар Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
ІІІ - ж: Айсұлу Ардагерлерге мың тағзым!
1 - ж:(Тамирис) Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
ІІ - ж:(Айдар) Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1ІІ - ж: (Айсүлу) Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!