"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Робототехника заман талабы

08.05.2019

 

№3 Талапкер орта мектебі

 

 

 

 

Баяндама

 

Робототехника заман талабы

 

Орындаған: Бимағамбетов Қ. М

Информатика пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019ж

 

            Компьютер  ғасырдың қадамы артқан сайын бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогрестің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады. Робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге сүйенеді.

Қазіргі таңда орта білім беру саласында факультатив және элективті курстарда роботехника негіздері пәні енгізілуде.

Ғылыми әдебиетке негізделіп жасалған бағдарламалар көрсетіп отырғандай, «Робот техникасы» балабақшадан бастап университетке дейін барлық деңгейде жаратылыстану және техникалық білім беру сипатына айтарлықтай әсер етіп отырған дамушы сала болып табылады.

Осы орайда 2017 жылдың  қыркүйегінде және желтоқсан айында  «Өрлеу» педагогтардың біліктілікті арттыру  институты Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының базасында информатика, математика және физика пәнінің мұғалімдері «Робототехника негіздері» тақырыбында біліктіліктерін арттырып, курстан өткізіліп шықты.

Курс тыңдаушылары арнайы жабдықталған «Робототехника» кабинетінде роботты техниканың негізі Lego Mindstorms EV3 және Arduino микроконтроллерінің құрылғыларымен таныса отырып, роботтарды модельдеу және бағдарламалау жұмыстарын, құрастыру дағдыларын меңгеріп шықты.

Мектеп қабырғасында робот техникасын оқыту келесі білім беру конструкторларының көмегімен жүзеге асырылады: LegoWeDo, LegoMindstorms NXT, Lego Mindstorms EV3, Matrix, Fischertechnic, Arduino, Roborobo және т.б.

Робот техникасы негізінде ойын технологиялары жатыр, бұл оның көпшілік қызығушылығына ие болуына негіз болып отыр.

         Мектебімізде биылғы оқу жылынан бастап жаңа бастама «Робототехника пәні» 5- 6 сыныптарда факультатив сабақтары ретінде жүргізіле бастады. Сонымен қатар 5 – сынып оқушыларына қаңтар айынан бастап IT – сыныптар ашылып, оқушылар жаңа бағдарламалар түрлерімен танысты.

Оқушылар Ардуино негіздерімен танысып, жеке бөлшектерінің негізгі жүйеге қосылу практикаларын қарастырды. Алдағы уақытта тереңдете оқып бағдарламалауды үйретіп жеке жобалармен жұмыс жасау жоспарда бар.

Бүгінгі технологиялар дамыған заманында, адамның сауаттылық туралы түсінігі күн сайын өзгеріп турады десек те болады. Осыдан 10 жыл бурын адамның сауаттылығы оқу мен жазу көрсеткіштеры арқылы бағалайтын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әр сауатты адам робот пен жұмыс жасай білу қажет.

Алдағы  уақытта   мектеп өмірінде   робот  техникасын  меңгерген  жас ұрпақ  болашақ  инженерлік саласындағы  кедергілерді  жою  жолында   аянбай қызмет етіп, тәуелсіз  қазақстанның  бүгінгі  күнде  бетпе-бет  келіп  отырған  қиын  мәселелерін  шешуге   ат салысары анық.

Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін, қолданушылар роботты басқару біліміне, дағдыларына ие болу керек. Сол үшін робот техникасына қызығушылық, базалық білім және дағды қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.

Еліміздің қазіргі таңдағы маңызды стратегиялық бағыттарының бірі – білікті мамандарды қажет ететін индустрияны дамыту. Бұл стратегияны жүзеге асырудың бастамасы ретінде  білікті мамандарды  дайындау мақсатында білім  көтеру орталықтары информатика, физика, математика пәні мұғалімдерін осы салаға бейімдеп, робототехниканың қыр-сырын терең оқытып, ұстаз­дар білімін заман талабына сай шыңдаумен ай­налысуда.

Қорыта айтқанда: Өсіп келе жатқан жас буынмен бірге бой көтеріп келе жатқан  еліміздің робототехника саласының нәтижесінде адам өмірін жеңілдетуге арналған роботтарды күнделікті өмірде қолданатын уақыт алыс емес.

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1186


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст