/public/files/2019/5/3/030519_084538_kornekilik1.docx
/public/files/2019/5/3/030519_084602_alyptasbaalau.docx
/public/files/2019/5/3/030519_084621_sfetofor.docx
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат |
Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі |
||||
Күні: 23.04.2019 |
Мұғалімніңаты-жөні: Қабылда Ж.Е. |
||||
Сынып: 2 «Е» сынып |
Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны: 0 |
||||
Сабақ тақырыбы |
Құрама есептер. Алматыға саяхат |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.5.1.4 - санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; айырмалық салыстыруға, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру |
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Көптеген оқушылар: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||
Бағалау Критерийлері |
Білім алушы Құрама есепті жай есептен айыра алады Құрама есепті шығара алады |
||||
Тілдік мақсаттар |
Есеп, жай, құрама |
||||
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық, ашықтық, еңбек пен шығармашылық қасиеттерін дамыту |
||||
Пәнаралық байланыстар |
Музыка, өзін-өзі тану |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта, презентация, аудио |
||||
Бастапқы білім |
Құрама есептің не екенің біледі |
||||
Сабақ барысы |
|||||
Сабақты жоспарлан ған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы 5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдерме балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберге тұрайық
Енді қараңдар балалар біз бір отбасы деп айттық, ендеше бүгінгі сабақты қалай өткіземіз? «Отбасы ретінде» Отбасы қандай болады? «Тату – тәтті» Ендеше тату – тәтті болып, бүгінгі сабақты бастайық Балалар, біздің бөлімнің тақырыбы Саяхат болғандықтан біз бүгін Қазақстанның бас қалаларының бірі Алматыға саяхат жасаймыз. Саяхат жасау арқылы құрама есептерді қайталаймыз. Сабағымыздың оқу мақсаты: 2.5.1.4 - санды бірнеше есе арттыру/кемітуге; айырмалық салыстыруға, еселік салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептерді құрастыру және салыстыру Балалар сіздер бірден топқа бөлініп отырдыңыздар, енді топтың ережесін еске түсірейік: Топпен жұмыс жасау ережесі:
Топ басшысын сайлау (Б.Аяулым,Жанерке,Тұрхан, )Топтарға бағалау парақшаларын тарату(топ басшысы бағалап отырады) |
|
|||
Сабақтың ортасы
|
Топтық тапсырма Топтарға құрама есептер беріледі. Тапсырмаларды сағаттың тілі бойынша ауыстыру (дескриптор бойынша бірін-бірі бағалау) 1топқа Медеу мұзайдынына 9 бала, ал олардан 3 есе артық ересек адамдар келді. Медеу мұзайдынына барлығы неше адам келді? Дескриптор: - құрама есеп -есеп екі амалды -бірінші көбейту амалы орындалады; -екінші қосу амалы орындалады. 2 топқа -Көрме залында әрқайсысында 8 ден 4 қатар сурет ілініп тұрды. Оның 11 суреті алынды. Неше сурет қалды? Дескриптор: -құрама есеп -бірінші көбейту амалы орындалады -екінші азайту амалы орындалады 3топқа Топсеруенге 24 қыз, ал олардан 3 есе кем ұлдар барды. Топсеруенге барлығы неше бала барды? Дескриптор: -құрама есеп -бірінші бөлу амалы орындалады -екінші қосу амалы орындалады Бір – бірімізге ШАПАЛАҚ ұрып қояйық «Медеу» туралы мәлімет беру(аудио)
Жұптық жұмыс(амалдардын орындалу реті мен мәні) Балықтарға тапсырмалар жазу және жұптарға тарату, орындалған тапсырмаларды аквариумға орналастыру Мұғалім тарапынан ауызша бағалау
Бір – бірімізге ШАПАЛАҚ ұрып қояйық «Шымбұлақ», туралы мәлімет беру (аудио) Сергіту сәті ( би)
Қалыптастырушы бағалау(жеке тапсырма) Саябаққа әрқайсысынан 8 ден 3 қатар қайың және 4 тен 2 қатар шырша көшеттері отырғызылды. Барлығы неше көшет отырғызылды? Өзін-өзі бағалау (қалыптастырушы бағалау Дөңгелектерді бояу 1 дөңгелек - білмеймін, 2 дөңгелек – білемін, 3 дөңгелек – түсінемін 4 дөңгелек – түсінемін және қолдана аламын 5 дөңгелек басқаға үйрете аламын
«Көктөбе» туралы мәлімет беру (аудио)
Дәптермен жұмыс
№3 Автобусқа 24 бала, балалардан 3 есе кем мұғалімдер, ал мұғалімдерге қарағанда 2 есе кем ата-аналар отырды. Автобусқа неше ата-ана отырды?
|
|
|||
Сабақтың соңы
3 мин |
Кері байланыс «Бағдаршам»
|
|
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы |