Бекітемін: Келісемін:
№3 Талапкер орта мектебінің Директордың оқу ісі жөніндегі
директоры: Абеева С. Қ орынбасары: С.А.Елешова
27сәуір 2019 ж. 27 сәуір 2019 ж.
«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы сауат ашу пәнінің ерекшеліктері»
Ата-аналар жиналысы
Бастауыш сынып мұғалімі:Жакенова.Г
2018-2019 оқу жылы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНДАҒЫ САУАТ АШУ ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Еліміздің жарқын болашағы үшін ең әуелі сапалы білім қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ету.
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарастар пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. (Жанұя мен мектептегі тәрбие 14 бет)
Бағдарламаның мақсаты: бастауыш сынып пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Бағдарламаның міндеттері:
-Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
-Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
- Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілген, яғни қарапайымнан күрделіге қарай ауысып отырады.. Тағы бір ерекшелік- ортақ тақырыптардың берілуі. Ортақ тақырып пән арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді.
1 бөлім: Менің отбасым.
2-бөлім.: Менің мектебім.
3- бөлім: Менің отбасым және достарым.
4- бөлім: Бізді қоршаған әлем.
5- бөлім: Саяхат.
6- бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.
7-бөлім: Тағам және сусын.
8- бөлім: Дені саудың жаны сау.
Бастауыш мектептегі тілдік пәндер (сауат ашу, әдебиеттік оқу) оқу бағдарламасының мақсаты-қазақ тілін үйренуге негіз салады. Оқу бағдарламаның бөлімдері 4 дағды түрінде іске асыру көзделеді. Тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым.- барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдысы. Тақырыпты түсіну барысында тапсырмада лексикалық, граматикалық, сөйлеу мәдениеті , терминдер, үштілділік, аудио мәтін мен мен бейне материалдар электронды дискалармен берілген.
Сауат ашу процесінде үш кезеңді көрсетуге болады: әлiппеге дейiнгi,
әліппе, әліппеден кейінгі. Сауат ашудың әліппе кезеңі бірінші тоқсанда басталып, үшінші тоқсанда аяқталады. Әліппеден кейінгі кезең 4-тоқсаннан басталады.
Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқыту мақсаттарын меңгеру мен әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалім өзі реттеуі мүмкін. Оқу жылының соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 сөз
және белгі; бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді.
1-сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы
1) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
2) 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
3) сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
4) есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
5) жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);
8) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;
9) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.
І жартыжылдықта оқу жылдамдығын тексермеуге болады. ІІ жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына 25 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: Шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны әрбір оқу пәні бойынша бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда реттеліп, ұсынылған.
56-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазіргі білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Сондықтан дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, белсенді оқу әдісі қолданылғанда оқушылардың үлгерімі жақсарып, олар оң нәтиже береді. Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, олардың тілдік дағдыларын дамытуға деген уәждерін қолдап отыруымыз қажет. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, оқушының белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Оқыту мен оқу жеке – дара екі іс-шара емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элементі екені баршамызға белгілі. Мұғалім өзіміз оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғырлым арта түседі. (Жанұя мен мектептегі тәрбие 14 бет)
Өзімнің күнделікті сабақтарымда қолданатын әдіс-тәсілдерім: жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдері (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) болатын.
Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-әрекеттерінен көрініс табады.
«Сауат ашу» оқу пәнінің «ортақ тақырыптарының» мазмұны оқушының ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни оның өз іс-әрекетімен тікелей байланысты тақырыптарды оқудан басталады. Алты-жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс. (Сауат ашу оқулығы 3 бет).
Осы пәнді оқу арқылы оқушылар дыбыстарды ажыратуды, дыбыстармен танысқан кезде кейбір дыбыстардың, сөздердің басқа тілден енгенін, сөздердің заттың атауын білдіретін, қимылын білдіретінін, мағыналары қарама – қарсы сөздерді ажыратуды үйренеді. Үйрену барысында оқушылар жақсы түсіну үшін сұрақ қоя, дәлелдеу, талқылау, іздену жұмыстарын жүргізеді.
Мысалы: «Сөйлем» тақырыбын өткен кезде осы тақырыпты жақсы деңгейде меңгеру үшін оқушыларды 5-топқа бөліп сабағымды өткіздім. Білімлейнд сайтынан «Бауырсақ» ертегісінің видеонұсқасын оқушыларға көрсетіп, ертегінің не туралы, әрі қарай не болатынын айтқыздым. Оқушыларға жаттығу орындау арқылы сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудартып,тиісті дауыс ырғағымен оқуларын қадағаладым. Балалар оқып қорытынды шығарды, оны ақпаратпен салыстырды. Көркем жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.жүргізілді. Сонымен қатар топтарға сараланған тапсырмалар берілді. Пиктограммаман,диаграммамен жұмыс А⸙ Б □ Е- Й: К◊ Қ? Л , М+ Н ‹ О; Ө . Р♫ С☼ Т꞊ У↑ Ү☺ Ы Δ І! Я*
Бауырсақ, қасқыр, түлкі, қоян, сөйлем- сөздері шығарылды. Дескриптор құрылып критерий бойынша бағаланды. Осындай тапсырмалар оқушылардың жаңа сөздермен танысуын, қиялын, белсенділігін, қызығушылығын дамытады. «Диаграмма» құр тапсырмасы бойынша оқушылар сөйлемдер топтамасын оқып, сөйлем соңындағы тыныс белгінің саны бойынша диаграмма құрды. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, зор ықыласпен тапсырмаларды орындады. Дескриптор бойынша бұл тапсырма да қалыптастырушы бағаланды. Топ басшыларының бағалауы болды.
Осы сабақтың соңында "Сұрақтар жаңбыры" әдісін пайдаландым. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір – біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып кері лақтырады. Жауап жазылған оқушы парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Бұл әдіс оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамытады. (Сауат ашу оқыту әдістемесі 8 бет)
Сабақта "Менің сөзім" әдісін пайдаландым. Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушыны сабақты қорытындылатуға осы ретпен қатыстырдым. Бұл әдістегі мақсатым оқушылардың алған білімдерін бағалау (Сауат ашу оқыту әдістемесі 9 бет).
Әр сабағымды жоспарлап, одан кейін іс-әрекет арқылы қадағалап, кері рефлексия жүргізіп отырамын. Өйткені жіберілген кемшіліктерді келесі жұмыстарымда болдырмау бағытында кері байланыстың әсері мол. Өз ісімізге қажетті қасиеттерді дамытуды қамтамасыз ететін жоғары құзырлық өзін-өзі басқару, көшбасшылық оқушы бойында болатындай әдіс-тәсілдерді де саралап аламын.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда бағалаудың бағдаршам көздері, смайлик, бес бармақ, екі жұлдыз, бір тілек, табиғат құбылыстарымен бағалау, мадақтау, жетон, «джокер» әдісі арқылы бағалау, жеке, топ басшысы бағалау, сонымен бірге сабақты «от шашу» арқылы бағалау сынды түрлерін қолданамын.
Сабақтарда көптеген әдістерді пайдалана отырып және оқушылардың ынтасын арттыру үшін бағалаудың бірнеше түрін қолдана отырып жиынтық бағалауынан жақсы нәтиже көрсетуіне жағдай жасадым (МАН).
Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Білім – өскелең ұрпақтың тағдыры. Н.Ә.Назабаев «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - дегендей, шығаршыл, ізденімпаз ұстаз атанып, үлкен нәтижеге жете берейік!
Қолданылған әдебиеттер:
1. Сауат ашу оқыту әдістемесі
2. Сауат ашу оқулығы
3. Жанұя мен мектептегі тәрбие
4. Бастауыш мектепте оқыту
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілген, яғни қарапайымнан күрделіге қарай ауысып отырады. Тағы бір ерекшелік- ортақ тақырыптардың берілуі. Ортақ тақырып пән арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік береді.
1 бөлім: Менің отбасым.
2-бөлім.: Менің мектебім.
3- бөлім: Менің отбасым және достарым.
4- бөлім: Бізді қоршаған әлем.
5- бөлім: Саяхат.
6- бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.
7-бөлім: Тағам және сусын.
8- бөлім: Дені саудың жаны сау.
Бастауыш мектептегі тілдік пәндер (сауат ашу, әдебиеттік оқу) оқу бағдарламасының мақсаты-қазақ тілін үйренуге негіз салады. . Осы тұста айта кететін жайт дәстүрлі оқу жүйесінде білім ,білік,дағдыны қалыптастырамыз дейміз, Оқу бағдарламаның бөлімдері де 4 дағды түрінде іске асыру көзделеді. Тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым.- барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдысы. Тақырыпты түсіну барысында тапсырмада лексикалық, граматикалық, сөйлеу мәдениеті , терминдер, үштілділік, аудио мәтін мен мен бейне материалдар электронды дискалармен берілген.
Сауат ашу процесінде үш кезеңді көрсетуге болады: әлiппеге дейiнгi,әліппе, әліппеден кейінгі. Сауат ашудың әліппе кезеңі бірінші тоқсанда басталып, үшінші тоқсанда аяқталады. Әліппеден кейінгі кезең 4-тоқсаннан басталады. Дәстүрлі оқыту жүйесі бойынша 1-ші жартыжылдық әліппеге дейінгі, әліппе кезеңі болатын барлық әріппен таныстырылып желтоқсан айының соңында әліппемен қоштасатынбыз, 2-ші жартыжылдық әліппеден кейінгі кезең болып есептелетін. Жазба жұмыстары жеке пән болып есептелетін. Әліппеге жалпы 7сағат беріліп, 4 сағаты оқуға,3сағаты жазу сабағы деп есептелетін.
. Оқу жылының соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 сөз
және белгі; бірінші жартыжылдықта оқу техникасы тексерілмейді.
1-сыныптар үшін жазба жұмыстарының нормасы
1) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
2) 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;
3) сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;
4) есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;
5) жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;
6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;
7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);
8) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;
9) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.
Қазіргі оқу мақсаты бойынша тапсырмалар оқушы орындай алатын етіп саралап беріледі. Дәстүрлі оқу жүйесінде диктант,бақылау бойынша баға қорытылса,қазір бөлім және тоқсан соңындағы жиынтық бағалау бойынша баланың білімі анықталады.
Оқушылардың жұмыстары туралы ауызша, жазбаша кері байланыс ұсынылады, кері байланыс уақытылы, айқан болып, нақты критерийлерге негізделіп ұсынылады. Бұрынғы оқу жүйесінде оқушының пікірі сабақтан алған әсері туралы сұралмайтын.
Ертедегі оқуда мұғалім көп түсіндірсе, қазір оқушы көп сөйлеу керек. Оқушы ойын жеткізеді,зерттейді,болжайды, сөздік қоры дамиды,салт –дәстүріне сүйіспеншілігі артады, рухани-адамгершілік қасиеттері артады, тарихын біледі,талдауға үйренеді,жаңа білімнің қажеттігін түсінеді,топтық тапсырмалар орындау барысында бірін бірі өзара оқытуға,бірін бірі бағалауға,пікір алмасуға үйренеді.