"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жас маман – 2022» байқауы өтті

04.04.2022

Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта  білім беретін мектебінде  "Үздік жас маман-2022" байқауы болып өтті. 
Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Педагог портфолиосы», «Электрондық тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары», «Эссе», «Бейнероллик», «Қатысушының өз өнері» атты берілген тапсырмалардан жарысқа түсті. Байқауға үміткерлер белсене қатысып жүлдегерлер анықталды. Байқауға қатысқан 11 жас маманның барлығы да өз ісінің майталманы болуға лайықты екендігін қазылар алқасы атап өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша бастауыш сынып  мұғалімі   Жангелді Ж.Б.                 1-орынды қанжығасына байлады. Бастауыш сынып мұғалімі Мамина А.Қ., Хамза М.М.,  II-ші және ағылшын тілі пәні мұғалімі Калибекова С.Т., Сайлауов Е.Д., Айбасұлы А. III-ші орынды иеленді. Бас жүлдені мектебіміздің ағылшын тілінің мұғалім Төлеу Нұрсауле жеңіп алды. Сайысты мектеп директоры Абеева Сағымбала Хасенқызы қорытындылап, жас мамандарға шығармашылық табыс тіледі.

Просмотров: 1126


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст