"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектепішілік «Үздік сынып жетекші - 2022» байқауы

04.04.2022

29-наурыз күні Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде мектепішілік «Үздік сынып жетекші - 2022» байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты: қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, тәрбие   үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту негізінде ұйымдастырылды. Байқауға тоғыз сынып жетекші қатысты. Сынып жетекшілер өздерін таныстырып,    педагог портфолиосы, менің сыныбым өзгеше бейнероллик  қорғалды және қатысушының өз өнері сынға түсті.  «Өз өнерін көрсету»  кезеңінде сынып  жетекшілер өздерін жаңа қырларынан танытты. Бірі ас мәзірін даярласа,   ал бірі мың бұрала билеп, ән салып әділқазылар мүшесін таң қалдырды. Әріптестердің өнерін, білімін, шығармашылығын  сараптай отырып байқаудың қорытындысы бойынша         3–орынды   сынып жетекшілер Тілегенова А.Б., Қалдыбаева А.С. иеленсе, 2-орынды   сынып жетекшілер  Каюпова С.Б., Аубакирова А.Қ.,   иеленді., 1–орынды  3 «А» сыныбының  сынып  жетекшісі  Қасаева Ж.Т.  жеңіп алып аудандық «Сынып жетекші – 2022» байқауына жолдама алды.  Барлық қатысқан  ұстаздарға ризашылығымызды білдіреміз.

Просмотров: 745


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст