"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Дәмді әрі пайдалы.

23.04.2019

Пәні: Дүниетану

 

Мектеп: Талапкер ауылы №3 орта мектебі

Тақырыбы:

Дәмді әрі пайдалы.

Күні: 23.04.2019 ж

Мұғалімнің есімі: Әлиева Мейрамкүл Смайылқызы

Сынып: 2«А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • Дұрыс тамақтану туралы біледі;
  • Дұрсы тамақтану ережелерін құрастыруды үйренеді;
  • Тамақтану режимін сақтау қажеттігін түсінеді.
  • Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақ  жайлық ұғымын түсінеді

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай  алады:

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Дұрыс тамақтану, ұлттық тағамдар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: қазақ тілі

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай тағамдарда дәрумендер көп?
  • Чипсы – пайдалы тағам ба?

Қандай тағам мидың жұмысын жақсартады?

Алдыңғы оқу

Ертеде қалай тамақтанған?

                                                                                 Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басы

(5 минут)

1мин

 

 

 

2мин

 

 

 

2мин

Ұйымдастыру  кезеңі

1)Шаттық  шеңбері

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап.. Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап... Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла... Сәлем!

Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге... Сәлем!

2)Сыныпты дәрумендер арқылы 4 топқа біріктіру.

1 топ: А               2 топ: В
3 топ: Д                4 топ: С

                                             5 топ : Е

3) «Ойлан»Таңдаған дәрумен жайлы әр топтың ойын тыңдау

  • Балалар бұлар нелер?
  • Дәрумендер қандай әріптер белгіленеді ?
  •  Жеміс,тағамдарда қандай дәрумендер бар?
  • Жарайсыңдар. Қандай тағам ,жемістер дәмді?
  • Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

Жемістер

суреттері

 

Ортасы

(35 минут)

4мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2мин

 

 

10мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4мин

 

5мин

Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін біріктіретін қонақ  жайлық ұғымын түсінеді;

   Жаңа сабақты хабарлау

- Жақсы. Олай болса біздің тақырыбымыз «Дәмді әрі пайдалы»

  • Бүгінгі сабақта біз дәмді әрі  пайдалы туралы және дұрыс тамақтану ережесін құрып үйренеміз. Ұлттық тағамдармен танысатын боламыз.Суреттен не бейнеленген?
  • Қандай ұлт өкілдерін көріп тұрсыңдар?

 

Балалар қазақстанда ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз. Қонақтарға дәмді әрі пайдалы  ұлттық тағамдарды ұсынамыз.

- Ұлттық тағамдарға нелер жатады деп ойлайсыңдар?

- Жарайсыңдар! Ұлттық тағамдардың өзі төрт топқа бөлінеді.

Олар:

1 Ет тағамдары: Бешбармақ, қуырдақ, сірне, сорпа т.б

2. Ұннан жасалған тағамдар: бауырсақ, таба нан, май шелпек, қаттама т.б

3. Сүт тағамдары:  айран, қатық, сүт, құрт, қаймақ, кілегей, сүзбе т.б.

 4. Дәнді дақылдардан жасалған тағамдар: Бидай көже, талқан, тары, жент т.б

Дұрыс тамақтану туралы біледі;

Дұрыс тамақтану, ережелерін құрастыруды үйренеді;

(МК,Т,Ұ,Қ ) Постер жасап,қорғау,талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп,кері байланыс жасау. «Бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау

(Т)

1 топ: Ет тағамдарын тауып орналастырады.

2 топ: Ұннан жасалған тағамдарды тауып орналастырады.

 3 топ: Сүт тағамдарын табады.

4 топ:  Дәнді дақылдардан жасалған тағамдарды табады.

Оқулықпен жұмыс. Хат

“Менің атым Руслан. Менің үнемі ішім ауырады. Анам мұның себебі дұрыс тамақтанбаудан дейді.   Маған сендердің көмектерің қажет.” 

  • Русланға қалай көмектесуге болады?
    - Оған қалай дұрыс тамақтануға болатынын түсіндір?

СЕРГІТУ СӘТІ «Дәмін таба біл»

 

 

( Ұ,Ж)Қалыптастырушы бағалау парақтары

 

дескриптор

  • ас мәзірлерін тамақтану мерзімімен дұрыс сәйкестендіреді;

тамақтану режимін сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді

 

Бағалау жұлдызша беру

 

ТАПСЫРМА «Постер құрастыру» Топпен жұмыс

Әр топқа тағамдардың  суреттері таратылып беріледі

1-топ – Зиянды тағамдарды жапсыр.

2-топ   Пайдалы тағамдарды  жапсыр

3- топ  Пайдалы және зиянды сусындарды екі топқа бөліп

жапсыр.

4 –топ    «Сәйкестендір»

5-топ   «Тамақтану пирамидасы»

Пайдалы және зиянды  тағамдарды ажыратады.

Шапалақпен бірін-бірі бағалау

 

 

Пайдалы тағамдар

Зиянды тағамдар

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптермен жұмыс

 

«Сен білесің бе?»       Жаңа ақпарат

«Кім жылдам?»

  • Жаңғақтың бірнеше түрі.
  • Жаңғақ туралы мәлімет бересіңдер ме?

Адамның миына жаңғақтың барлық түрі пайдалы. Жаңғақ есте сақтау қабілетін жақсартады.

 (МК,Ө,Қ) –Ал енді , балалар, кестеге сүйеніп әркім өзі қалай тамақтану керектігі жайлы ереже құрастырып көріңдерші

Тамақтану ережесін құрастыру. Бір-екі оқушы тыңдау, бағалау

 

 

 

 

 

 

 

Слайд

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі тағамдар  суреттері

 

 

 

 

 

Оқулық 74-75 бет

 

 

 

 

Жемістер

 

 

Таратпа қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттер

 

 

 

 

 

Топтық тапсырмалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс дәптері.

 

 

 

слайд

 

 

 

 

Жаңғақтың түрлері.

 

Соңы

(5мин)

4мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1мин

Қорытынды.

Ия, жоқ стратегиясы.

  • Айран ет өніміне жатады.  (жоқ)
  • Бешбармақ ұлттық тағам.  (ия)
  • Сүт адам ағзасына зиянды. (жоқ)
  • Сүттің түсі- ақ. (ия)
  • Алма жерде өседі. (жоқ)
  • Нан бидайдан алынады. (ия)
  • Бананның түсі қызыл. (жоқ)
  • Құрт ет өнімінен жасалады. (жоқ)
  • Кола пайдалы сусын (жоқ)
  • Кәмпит тәтті ( ия)

Рефлексия « Менің себетім» 

 

 

Тұсіндім қызыл  түс

Түсіндім, сұрағым бар сары түс

Түсінбедім жасыл  түс

Кері байланыс.

Тақтаға  себетке жапсыру,

 - Жарайсыңдар!

Сабақ аяқталды, рахмет!

 

 

 

 

 

Кесте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі алмалар

Просмотров: 958


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст