мектепішілік Алпамыс батыр, Қобыланды батыр жырларын жатқа айту сайысы
Сайыс мақсаты мен міндеттері: балалар арасында кітап оқуды, оның ішінде қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
– өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
– балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысшылдық, қайсарлық қасиеттерге баулу;
– балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту; -дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру;
– өнерлі жастарды халық арасында таныту;
– қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің беделін көтеру.
1-жүргізуші:
Жыр-дастан-қазақ поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жыры, эпостық ғашықтық жыролар). Сонымен қатар, стильдік ерекшеліктері, өлең өрнегі жағынан оларға ұқсас толғау, терме секілді көлемі ықшамдау поэзиялық үлгілер де жыр деп аталған.
«Қобыланды батыр» жыры — қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі- ірі эпос айтушыларының қолынан өткен. Қобыланды жырының 29 нұсқасы бар, «Қобыланды батырды» Марабай, Мергенбай, Біржан Жасымбаев, А. Айтабанов, К. Еламанов, Сыр бойындағы белгілі айтушысы Тұяқбайлар жырлаған. Айтушылардың осыншама көп болуы жыр сюжетінің халыққа кең тарағандығын көрсетеді.«Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар.
“Алпамыс батыр” — қазақ халқының қаһармандық эпосы.Терең мазмұны, көркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан “Одиссея”, “Манас”, “Калевала”, “Қобыланды батыр” т.б. жырлар секілді әлемге танымал эпостық жыр. “Алпамыс батырда” халықтың басынан өткен қаһармандық оқиғалар эпик. әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда талай заманның түсінігі, дүниетанымы, шындығы қат-қабат қорытылып, полистадиялы түрде жинақталған. Мұнда түрік қағандығы дәуіріндегі (5-7 ғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, 17-18 ғ-ғы қалмақ шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстардың нақтылы елестері де сезіліп отырады.
2-жүргізуші:
Сайыс үш кезеңнен тұрады.
1-кезең:Жырды жеке оқушының жатқа айтуы.
2-кезең:Жырды жарыса жатқа айту.
3-кезең:Жыр ішінде кездесетін көнерген сөздер мен жер-су аттарынан сайысқа түсу.
1-жүргізуші:
Сайысқа қатысушылармен таныстырып өтейік:
«Алпамыс батыр» жырын жатқа айту сайысына қатысушылар:
1.Ахит Шұғыла 6 «Д» сынып оқушысы
2.Құнанбаев Берік 6 «Д» сынып оқушысы
3.Жандаулет Жанель 6 «В» сынып оқушысы
4.Амирхан Жасбұлан 6 «В» сынып оқушысы
5.Чакуев Әлібек 6 «Д» сынып оқушысы
6.Жайлыбай Аружан 6 «В» сынып оқушысы
«Қобыланды батыр» жырын жатқа айту сайысына қатысушылар:
1.Жақсылық Дильназ 6 «Д» сынып оқушысы
2.Сагитова Алина 6 «Д» сынып оқушысы
3.Ақылбеков Арлан 6 «Д» сынып оқушысы
4.Аликеев Алибек 6 «Д» сынып оқушысы
5.Әлдікенова Маржан 7 «А» сынып оқушысы
Әділқазы алқасы:
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахитова Г.С.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің жетекшісі: Кайкенова А.А.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байсеркеева Ж.Т.
Сайыс соңында әділқазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаздар анықталды.
«Алпамыс батыр» сайысы бойынша Құнанбаев Берік, Ахит Шұғыла, Жандаулет Жанель, Амирхан Жасбұландар аудандық сайысқа жолдама алды.
«Қобыланды батыр» сайысы бойынша Сагитова Алина, Жақсылық Дильназ, Ақылбеков Арландар жеңімпаз атанып, аудандық сайыста мектеп намысын қорғап қайтады.