Бүгін яғни 31.03.2022 жылы мектебімізде ата-аналаға және мектеп ұстаздарына «2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні!» орай, «Үшінші мыңжылдық жұмбағы» атты тақырыбында, аутизм мәселесі бойынша ақпараттандыру күні болды. Ұстаздарға РАС спектірі бойынша жұмыс жасау қадымы жайлы, жұмыс барысында оқушымен дұрыс қарым-қатынас жасауы туралы түсінік берілді. Ата-анларға осы індеттің шығыуы, таралу жолдары туралы мәлімет ұсынылды. Алайда, бұл туралы тек осы күні ғана айту дұрыс емес. Себебі, «аутизм» диагнозы қойылған баламен қалай сөйлесу керектігін, онымен өзін қалай ұстау керектігін және оңалту курсын қайдан өту керек екендігін екінің бірі біле бермейді. Сондықтан баршаға қол ұшын беру керектігімізді ұмытпау керекпіз. Аутизм-бұл үкім емес. Біздің басты міндетіміз-бұл барлық ерекше балалар үшін қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін жағдай жасау.
Баршамыз аутизм туралы ақпарат бере отырып, РАС індетіне шалдыққан ата-аналарға қолдау көрсеуіміз керек.
Мектеп логопеді: Аубакирова А С