Сабақ тақырыбы: Мухтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мақсаты:
Білімділік: әңгіменің тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету, қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
интерактивтік тақта, бейнетаспа,
Көрнекіліктер: М.Әуезовтің шығармалары, портреті.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
III. Дәйексөз.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық:
« Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес»
М.Әуезов
(бір оқушы оқиды)
Сұрақ:
( тілін білу, әдебиетің білу)
Өткені дегеніміз ол-тарих, тарихтың айнасы-әдебиет.
Біз одан оқып білеміз.
М.Әуезов туралы не білеміз?
|
Шығыс Қазақстан облысы 1897-1961ж |
Қазақтың ұлы ғұлама жазушысы |
|
Драматург |
|
Қазақты әлемге танытқан қоғам қайраткері |
|
М.Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы қалай аталады? «Абай жолы»
ΙV. Жаңа сабақ М.Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Осы әңгіменің мазмұнын айтып көрейік
Ситуациялық сұрақ.
Сөздік жұмысы: Қиянат-әділетсіздік. Қаға беріс-шеттеу.
М.Әуезовтің шығармалары бойынша түсіндірілген «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы» атты фильмдер бар, және бүгін «Жетім» әңгімесі- халықтың қалын, ортасынан шыққан, қарапайым адамдардың өмірін сипаттайтын әңгіме.
V Топқа бөлу.
Оқулықпен жұмыс: /мәнерлеп оқытамын/
Мәтінді бөлімге бөлу
ІІ. Тілшілер тобы (жазу)
Тілшілер тобы (жазу)
ІІІ. Бейнелеуші топ.
7.Табиғат балаға қалай көрінеді? Оны табиғатпен байланыстырайық. Көңіл күйінің үндесуі. Бөлім бойынша сурет сал.
VІ. «Ойлау» стратегиясы.
«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
VII. Мақал-мәтелдермен жұмыс
1.Жаңбыр жаумаса — жер жетім.
Үйрек қаз кетсе көл жетім
VІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқиға желісі |
Немен аяқталды? |
Шығарманың идеясы және құндылығы |
Қасымның өмірден көрген қиыншылығымен басталды |
Қорқыныштан жүрегі жарылды. Қасымның өлімі. |
Жетім көрсең жебей жүр. Әр бала өзінің ата-анасымен бақытты. Ата-ананың қадірін бағалай білейік. Қоғамның айналасындағы адамдарға немқорайлықпен қарауы. |
Салыстыру. Қазіргі заманмен салыстырғанда жетімдер бар, бірақ олар Үкімет үйінде /балалар үйінде тәрбиеленеді/
Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!
Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма екен? — деп Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?
Балалардың тілектерін қағаз бетіне түсіру
АНА ӘКЕ
АТА туған — туыс
Балалар, бүгінгі сабақ барысында танысқан шығармамызға сүйенсек негізгі ойы не деп ойлайсыңдар?
Нені білдік?
Нені білгіміз келеді?
Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмңрдің қиын тағдырына ұрынып, арақ сияқты жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жек көрінішті кейіппен қараудан аулақ болыңдар, өйткені ондай адамдардың арамызда көп болуына қоғамдағы Иса сияқты адамдар, біздер кінәліміз. Әке – шешенің қамқорына зәр болған, Қасым секілді Құрбы- құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жерде жетім жыласа,
Көкте періште қайғырады -дейді.
Жетімін жылатпаған ел болайық
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын менде аман
ХІ. Бағалау.
Кел кітап оқиық айдары
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
8 сыныптар
Өткізген: Кульмаганбетова С.Т
2019жыл