Сабақтың тақырыбы: Экологиялық апат. «Абайла су тасқыны!»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Экологиялық апаттардың ішіндегі су тасқының қоршаған ортаға тигізетін зияны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Балалардың бойында білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып , сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым-қатынасын жан -жақты дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, аялауға өздерінің ондағы тіршілік иелеріне қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғи және техногенді апаттардың түрлері туралы суреттер
Сабақтың барысы:
Көктем, көктем, өзің неткен кербез ең,
Жайнады ғой, таулар, бөктер, бұл өзен.
Сұлулық пен сымбатыңды ән қылып,
Бел ортаңда ойнақ салып мен келем.
Көктемнің шуақты күні қандай тамаша?! Көктеммен бірге сәні кіріп, жаңарған табиғатымызды таза ұстап, аялау - біздің парызымыз.
Өйткені «Болашақ біздерден басталады».
Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Мұны біз төтенше жағдайларға жатқызамыз. Төтенше жағдайлар шығу тегіне қарай табиғи болып келеді.
Табиғи төтенше жағдайлар – табиғи құбылыстар. Оларға жер сілкінісі (зілзала), цунами, жанартау атқылау, су тасқыны, дауыл т.б. жатады.
Су тасу апаты. Су тасу – теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларындағы елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің мемлекетімізде су тасу жағдайлары Іле, Жайық , Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Оның себебі, көктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді.
Мен сендерге бір әңгіме айтып берейін.
Көптен далаға шықпаған Азамат баланы «қаланың у-шуын ұмытып, бір мезгіл тынығайық» деп ата-анасы саяжайға апарады. Олар бірігіп гүл, жеміс-жидектерді екті, кәуап пісірді.бес-алты күндей рахаттанып демалады. Бұларды көрген Мыстан сиқырлы айнасының көмегімен алтыншы күні сендермен ойнайын , - деп рақаттана күледі. Осыдан соң өзендердің арнасын бұзып, бірін-біріне қосып, бір салаға тоғыстырып жібереді. Сол-ақ екен, жай ғана ағып жатқан өзен гүрілдеп арнасына сыймай, таси бастайды. Су тасқынының гүрілін бәрі естиді. Не болғанын түсінген Азамат баланың әкесі:
- Тез, тауға жүгіріңдер,биікке,биікке өрмелеңдер! – деп жан-даусы шыға айқайлады. Бір-біріне көмектесе отырып, олар төбеге көтерілді. Су толастамай қуып келеді.
- Тез,аяқ киімдеріңді лақтырыңдар, - деді әкесі өзінікін шешіп жатып , Су көтерілгенін қоймаса, ағыспен қырындай, шалқалай жатып жүзуімізге тура келеді.
- Осы кезде бұларға жақындап ұшып келе жатқан тікұшақ көрінді.
Алақай! Алақай ! – деп барлығы қуанды.
- Менің әкем –батыр ! - деп Азамат бала әр кезде мақтанып жүреді. Мінекей, балалар осылай болған екен.
Қорытынды:
- Балалар қалай ойлайсыңдар?
- Су тасқыны болғанда Азаматтың әкесі дұрыс жасады ма?
- Не болуы мүмкін еді?
- Ия, Азаматтың әкесі дұрыс шешім қабылдады,әйтпесе оларды су басып кетер еді. Сондықтан су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсізлік дайындығын еске алу керек.
- Ал, балалар естеріңе сақтап жүріңдер
Су тасқыны кезінде есіңе сақта:
үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
пештегі жанып жатқан отты өшіру;
үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельефтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Ең басты міндет – сабырлылық таныту. Су тасқыны жиі болатын жерлерде үнемі сақ жүрген абзал.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды естеріңде болсын – деп сабақтың соңында суреттерді тамашалау.
|