"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қош келдің, әз Наурыз

18.03.2019

      2019 жылдың 13- наурыз айында « Қош келдің, әз Наурыз» 4- сыныптар арасында өтті.

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету мақсатында өтті.

        Тәрбие сағатын ақ жаулықты әже шашу шашып,отпен аластады. Толғанайдың орындауында «Наурыз» әні орындалды. Күн ана, Наурыз көктем, Наурыз батыр келіп Наурыз мерекесімен құттықтап, тәу-тәу айтылды. «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімі көрсетілді.Сонымен қатар оқушылар дайындаған мерекелік концерт өз мәресіне жетті. Тәрбие сағатының соңында Наурыз көже таратылды.

 

Просмотров: 595


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст