"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қайырымдылық-ізгіліктің анық көрінісі

14.03.2019

Республика көлемінде 2019 жылдың қаңтар айының 10-ы мен ақпан айының 10-на дейін жаппай оқуға қамту және «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету болды. Олардың мектеп формасы, қысқы сыртқы киім мен  аяқ киім, оқуға қажетті құрал жабдықтармен толықтай қамтылып,алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  қарайласу біздің қоғамымыздың өзекті міндеті болып отыр. Осы мақсатта атқарылып жатқан игілікті жұмыстар көңіл қуантарлық дәрежеде. Қайырымдылық-адамның асыл қасиеттерінің бірі дейміз. Олай болса осы қасиет №3 Талапкер орта мектебінің ұжым мүшелері бойынан да табылды. 2019 жылдың 10 қаңтар күні  «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы мектеп директорының №5 бұйрығы шықты. Осы акция барысында мектеп ұжымының демеушілігімен көп балалы отбасы және аз қамтылған, жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетілді. Сонымен қатар Талапкер ауылының тұрғындары да осы шараға белсенді түрде атсалысты. Нұргүл Летчикқызы ТОО «ОБСЕ», Аубакирова Жақсыгүл Ермұханқызы ИП «Аубакирова»осы отбасы балаларына сыртқы киімдер мен тұрмысқа қажетті заттармен көмектесті. №3 Талапкер орта мектебінде 1-11 сыныптар арасында «Жылы жүрек, жомарт қол»  тақырыбында тәтті жәрмеңке ұйымдастырылып, осы отбасы балаларына тәтті күлектер мен шырындар берілді. Тұрмысы төмен отбасы балаларына қамқорлық көрсету ісі әлі де жалғасын табуда.

Просмотров: 776


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст