"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Менің анам алтын

11.03.2019

      №3 Талапкер орта мектебінде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 4-наурыз күні 3-4 сыныптар арасында «Менің анам алтын» тақырыбында  аналардың ән байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 11 оқушы өздерінің аналарымен ән айта отырып сайысқа түсті.  Байқау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушы жұптардың өнерлерін бағалауда сахна мәдениеті, жұптардың ән орындау шеберліктері және жұптардың үйлесімділігі бағаланды.  Байқаудың қорытындысы нәтижесінде 3 «Г» сыныбының оқушысы Қамбар Карима анасы Қожагелдинова Галиямен гран приді иеленсе, 4 «Е» сыныбының оқушысы Серік Шұғыла анасы Тілеуханова  Эльмирамен жүлделі I орынды еншіледі. 3 «Б» сыныбының оқушысы Бегалина Наргиз анасы Бегалина Сәулемен жүлделі II орынды иеленіп, 3 «В» сыныбының оқушысы Бараков Әмір анасы Балғожина Жаңагүлмен бірлесе ән салып, III орынды қанағат тұтты. Сайыс соңында қалған қатысушыларға номинациялар бойынша марапаттар берілді. Соңында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, барлық аналарға алғысын білдірді.

 

Просмотров: 531


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст