"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында бастауыш сынып арасында дөңгелек стол ұйымдастырылды

13.03.2022

     Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Өнегелі бір сағат» жобасы аясында Мұқағали Мақатаев туған күніне орай Мұқағали Мұқатаевтың өмірі мен шығармашылығы  тақырыбында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» тақырыбында бастауыш сынып арасында дөңгелек стол ұйымдастырылып, өлең жырларын мәнерлеп оқып шықты.

  Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау. 
Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. 

    Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне  шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.

   Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі мен шығармашылығымен мен  поэзия құдыретін таныстырылды.

   «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» деп өмірді өлеңіне арқау еткен Мұқағали шығармашылығының дені өмір туралы толғаныстарынан туса керек. «Өмір деген», «Өмір дейтін біреу бар», «Ей өмір», «Өмір жайлы», «Өмір сүрейік алмасып», «Өмірімді несіне жек көремін », деген сияқты өмір жайлы өлеңдері аз емес. Осының бәріне Мұқағалидың өмірден көрген, білген, естіген, куә болған дүниелері негіз болғаны сөзсіз. Оқырмандар ақынның сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді шумақтап оқып шықты.

         Таулардың  алыстаған сайын асқақтай, биіктей берері   анық. Өздерінен кейінгі ұрпақтарына баға жетпес рухани қазына қалдырып, мәңгілік музаға айналған Мұқағали Мақатаевтың  ерен  есімі мен  мол ғибрат,  таусылмас  тәлім-тәрбие  аларлық туындылары қазақ  халқымен бірге  мәңгі жасай бермек.

 

 

Просмотров: 749


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст