"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Өнерлі-өрге жүзеді» тақырыбына музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің онкүндігі

28.02.2019

«Өнерлі-өрге жүзеді» тақырыбына музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің онкүндігінің есебі

    «Өнерлі-өрге жүзеді» тақырыбында музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің онкүндігінің жоспары құрылып, бекітіліп ақпан айының жиырма сегізінен наурыз айының он бірі аралығынды өткізілді. Мақсаты: оқушылардың шығармашылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылық сезімдерін ояту, қазақ халқының салт-дәстүрі, қолөнер түрлерімен сусындату, күнделікті өмірмен байланысты талғам жасай білуге тәрбиелеу. Дүйсенбі күні өтедін кезекті саптық жиында онкүндіктің ашылуы болды, оқушылар  өткізілетін іс-шаралардың жоспарымен таныстырылды. Онкүндікте ашық сабақтар, сайыстар, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі, сыныптан тыс іс-шаралар  жоспарланды.

 

    Онкүндікте көркем еңбек пәнінен 6 «Г» сыныбында Кусаинова Г.Т. қыздар арасынды  «Үйге арналған тоқыма бұйымдарының дизайны (алжапқыш, асханалық бұйымдар). Идеяларды құру. Нобай» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Үйге арналған бұйым дизайнын орындау; Өлшем алып, бұйымның сызбасын орындау; Жұмысқа жоспар құру; Бұйымға кететін мата шығынын анықтау. Оқушыларды сабақтың басында суреттер арқылы топтарға бөлді. Берілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты ашылды. Өткен тақырыпты қайталау үшін топтық тапсырма ретінде   «Сөздерді теру»  әдісімен  тақтада берілген көптеген сөздерден берілген сұрақтардың  дұрыс жауабын табу тапсырмасы берілді. 1-топқа:Берілген сызба суретке сөздерді теріп денебітімнің сызықтарының атауларын таңдап  жазыңдар. 2-топқа: Алжапқыш қандай бөлшектерден тұрады? 3-топқа: Алжапқыштың өлшемін алып, сызбасын құруға қажетті құралдар. Сабақтың сарамадық бөлімінде дайын бұйым үлгісінде өлшемді анықтау үшін, денебітімнен өлшем алу қажеттігін түсіндірілді.  Алжапқыш тігуге қажетті өлшемдерді анықтау үшін оқушылар өлшем алу ережесімен таныстырылып, қажетті өлшем алу тәсілі көрсетілді. Өзіндік жұмыс тапсырмасы ретінде жұптық тапсырма берілді: оқушылар бір-бірінің өлшемін алып, өлшемдерін  арнайы кестеге жазды. Жұмысқа кіріспес бұрын қойылатын талаптар, дескрипторлар түсініктеме берілді. Оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеруге және  бекітуге тест тапсырмасы берілді, әр оқушы өз жауаптарын белгілеп, тапсырма парақтарын ауыстырып бір-бірін тексеріп, балдық жүйемен бағалады, сабақтың соңында «Плюс, минус ,қызықты» әдісімен рефлексия жасалды. Әр оқушы осы сабақта алған білімдерін кестеде: Плюс –бағанында сабақта оң нәтиже көрсеткен фактілерді, алған білімді жазды, Минус – бағанында: қолымнан келмеді, түсініксіз болып жатыр деген ойларын жазды, Қызықты – бағанында:  өздеріне не қызықты болды және нені көбірек үйренгісі келетінін жазды.

 

           

 

4 002.jpg4 002.jpg    9 «Г» сыныбында сызу пәнінен пән мұғалімі- Ильясов Ғабиден Саламатович «Геометриялық  денелердің  және модельдердің проекциялары» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың таным қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды детальдарды кескіндеп, бейнелеуге үйрету.Детальдардың күрделілігіне қарай сызбаларын сызу,  қажетті өлшемдерін түсіруге үйрету. Сызбаларды сауатты сызып, топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, мәдениетті болуға тәрбиелеу. Сабақ оқушыларпдың бір-біріне жақсы көңіл күй тілектері айтылу арқылы басталды. Үйге берілген тапсырма тексеруі «Кім білгір?» әдісімен  өткізілді, оқушылар өткенді қайталап, сұрақтарға жауап берді.  Графикалық жұмыс тапсырмасында оқушылар берілген геометриялық денелердің жазба түрін және үш проекциясына түсініктеме берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімді жан жақты тексеру кезеңінде «Адасқан көріністер», карточкамен жұмыс болды.

  

Сабақта алған білімдерін бекіту үшін «Кім жылдам?» әдісімен слайдтарда берілген сұрақтар оқушылар жарыса отыра жауаптар беріп отырды. Әр тапсырмада  балдар жинай отыра оқушылар бағаланып отырды. Сабақтың қорытуға «БББ» әдісімен рефлексия жасалды. Оқушылар өткен тақырыптардан білгетін мағлұматтарды, осы сабақта білгендерін және әлі де білгілері келетін сәттерге анықтама беріп, өз пікірлерімен сабақты аяқтады. Пән мұғалімі сабаққа өз анализін жасады.

 

 

 

 

 

    Онкүндік барысында 9 «А» сыныбында технология пәнінің мұғалімдері Кусаинова Г.Т. және Ильясов Ғ.С. балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру, білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу, жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту мақсатымен «Мамандық таңдау - ең жауапты іс» тақырыбымен  сыныптан тыс іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара психолог- профессор Э. Ф. Зеердің  «Мамандықты  дұрыс таңдау -  ол өмір  жолының  сәттілігінің  негізі» сөзімен басталды. Миға шабуыл  ретінде ой қозғау үшін: мамандық дегеніміз не? сұрағына оқушылардың  өз ойларын  тыңдап, ұғымға анықтама берілді. Психолог Е.А.Климовтың мамандықтарды негізгі салаларға бөлу тәсілдеріне тоқтай отыра, әр салаға жататын мамандықтар аталып отырылды. Әр оқушымен мамандық таңдауда қандай фактарлар әсер ететіні жайлы толқылау жасалды. «Психогеометрия» әдісімен оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез - келгенін таңдап, әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білді. «Мамандықты тап» тапсырмасында мамандықтарға байланысты жұмбақтар жасырылды. Сабақты қорытуда оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс шешім шығаруына, болашақта жақсы маман болуына тілектес бола отыра мұғалімдер сәттілік тіледі.

 

 

 

     Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Құлан Ербол Мұхтарұлы 6 «Ә» сыныбында ұлдар арасында «Көлік құралдарының моделін дайындау. Нобай.Материалдарды іріктеу,таңдау» тақырында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты бойынша оқушы көлік құралы үлгісі бөлшектерін ажыратып, негізгі заңдылықтарды сақтайды. Тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, берілген көрнекілік арқылы нобай бөлшектерін сипаттай  алады. Сабақтың басында оқушылар топтарға бөлініп,сабақтың тақырыбы, мақсаты көрсетіліп, баяндалды. Көлік құрастыру зауыттарында өндіріс жұмысының реті суреттелген бейнежазба көрсетілді. Көліктің шағын макетін жасау мысалдарының барысы да көрсетілді. «Сыныптастар» әдісі арқылы өткен сабақты қайталау сұрақтары берілді, оқушылар арнайы дайындалған сұрақтар мен жауаптарды таңдап алады, сәйкесінше жұптасты. Жаңа сабақтың  тақырыбын ашу және сабақ мақсатын айқындауға «Миға шабуыл» ретінде бейне ролик көрсетілді. Жеке жұмыс ретінде  оқушылар жасалатын көлік бөліктерін берілген нұсқа арқылы материалға өлшеп салып, кесті. «Эйлер шеңбері» әдісі оқушылар топ бойынша көлік құралы бөліктерін құрастырды. Сабақтың соңында «Плюс, минус ,қызықты» әдісімен рефлексия жасалды. Әр оқушы осы сабақта алған білімдерін кестеде: Плюс –бағанында сабақта оң нәтиже көрсеткен фактілерді, алған білімді жазды, Минус – бағанында: қолымнан келмеді, түсініксіз болып жатыр деген ойларын жазды, Қызықты – бағанында:  өздеріне не қызықты болды және нені көбірек үйренгісі келетінін жазды.

     Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жакупова Көркем Макашевна «Қыз еркем, кестесімен көркем» 5-сыныптардың қыздары арасында сайыс өткізді. Сайыстың мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Сайысқа барлығы  жеті сыныптан төрт қыздан қатысты. Сайыс барысы:«Таныстыру»,  «Сиқырлы сурет» (дәстүрлі емес әдістермен сурет салу),  «Оригами» сайысы (топпен жұмыс), « Мақал мәтелдер» сайысы, «Полиглот» кезеңдерінен өтті. Әр кезең 5-балдық жүйемен бағаланды. Әділқазылар алқасы тағайындалды.  Әр сынып топтарына атауын беріп, эмблемаларын жасап, ортаға шығып өз топтарын таныстырды. «Сиқырлы суреттер» кезеңінде әр топ дәстүрлі емес әдістерін /жіппен сурет салу, түтікшемен сурет салу, саусақтармен сурет салу, мыжылған қағазбен сурет салу/  қолданып суреттер салды. «Оригами» кезеңінде брілген түрлі- түсті қағаздарды бүктей отыра оқушылар әр түрлі бейне жасады. «Мақал-мәтел» айту кезеңінде әр топ еңбекке, өнерге байланысты мақалдар айытты, әр топ не ғұрлым көп мақал айту керек болды.  «Полиглот» кезеңінде слайдтарда берілген сөздерді үш тілде айту тапсырмасы берілді. Әділқазылар әр кезеңге баға бере отыра ортақ балдық шешім шығарып жеңімпаздарды тағайындады: І-орынға 5 «Ә» сыныбы, ІІ-орынға 5 «Б» сыныбы, ІІІ-орынға 5 «Ғ» сыныбы ие болды. Марапаттауы қорытынды  саптық жиында өтті.

 

 

 

    «Өнерлі-өрге жүзеді» тақырыбына музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің онкүндігінде «Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт» атты оқушылардың қолөнер бұйымдарынан шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылар ұлттық нақышта жасалған қамзолдар,бас киімдер, белдіктер, зергерлік бұйымдар, тоқыма заттары, суреттер, сумкалар ұсынды. Онкүндіктің қорытындысы бойынша көрмеге белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

  

    «Өнерлі-өрге жүзеді» тақырыбында музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің онкүндігінің қорытындысы жасалып,   саптық жиынында белсенді қатысқан сыныптарға  және сайыстарға қатысқан, жеке жұмыстарын ұсынған белсенді оқушылардың  маратпаттауы болды.

             

         

 

         

 

 

Просмотров: 779


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст