"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Айгөлек» балалар байқауы

19.02.2019

Ақпанның 15 – і жұлдызында №3 Талапкер орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында «Айгөлек» ән байқауының 2 айналымы өтті.

Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының арасынан ән қабілетін анықтай отырып, оқушыларды өнерге, сахнаға баулу және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Көрнекіліктері: шар, безендірілген сахна.

Өткізілу барысы:

  1. Жүргізушінің сөзі
  2. Әділ – қазыларды сайлау
  3. Қатысушылармен танысу
  4. Қатысушылардың өнерлерін тамашалау
    Армысың халайық қауымдарым,
    Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
    Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
    Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
    Бүгінгі күн сіздерге арналады,
    Көңілді күндер тусын алдан әлі.
    Сіздер үшін осы кеш ашылады,
    Сіздер үшін жұлдыздар сайысады - деп, бүгінгі кешімізді бастаймыз. Байқау кезеңдері 5 ұпай бойынша бағаланады. Байқауымыздың тақырыбы «Ана – өмір шуағы» яғни балалар ана туралы ән шырқайды.
    Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
    Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
    Ертегі айтса еліктіріп балалар,
    Қиялға еліктіріп ертеді ғой.
    Қатысушыларымызды кезекпен өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз
    Жүргізуші:
    Сән — салтанат жасайық,
    Күйсандықты ашайық.
    Бұл мереке, бұл тойға,
    Әнмен шашу шашайық – дей отырып Сериков Исламды ән шашумен ортаға шақырайық.

5.Әділ – қазылардың шешімі тыңдалды.

 

 

 

Просмотров: 936


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст