"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Өнерлі-өрге жүзеді» тақырыбына музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің онкүндігі

15.02.2019

    №3 Талапкер орта мектебінде «Өнерлі-өрге жүзеді» тақырыбына музыка, бейнелеу өнері және технология пәндерінің онкүндігінің  аясында 9 «А» сыныбында  «Мамандық таңдау - ең жауапты іс»тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру, білім шыңына талпынуда бойларында қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларын білу, ой бөлісу, жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту. “Мамандықты  дұрыс таңдау -  ол өмір  жолының  сәттілігінің  негізі” ұғымын негізге ала отыра оқушыларды маманық түрлерімен таныстырып, психолог Е.А. Климовтың мамандықтарды негізгі салаларға бөлуін түсіндіре отыра, әр оқушылар қай саланы таңдайтынын, қандай пәндерге қызығушылығы бар екенін , өз қабілеттері туралы айытты. Алдағы тұрған мемлекеттік емтиханда таңдаулы пәндеріның маңыздылыға  түсініктеме берілді.

  Қорыта келе: «Жарқын болашақтың кепілі- жаныңа жақын кәсіп таңдау» демектей, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, пайдасына қарай өзін өзі толық жүзеге асыруға дайын және бәсекеге қабілетті тұлға болуды талап етеді. Сондықтан да қазіргі кезден бастап,өз- өздеріңді, бір- бірлеріңді танып, өз қабілеттерің мен икемділіктеріңді дамытыңдар. Соған сәйкес болашақ мамандықтарыңды таңдаңдар», «Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға шын жүректен тілектеспіз» сөзімен өткізілген іс-шара  аяқталды.

Просмотров: 698


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст