"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Алпамыс батыр»жырын жатқа айту сайысы

14.02.2019

               13 ақпан күні Целиноград ауданы, Қызылсуат ауылы, Қызылсуат орта мектебінде аудандық «Алпамыс батыр» жырын мәнерлеп жатқа айту байқауы болып өтті. Байқау мақсаты: балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау. Аталған іс-шара аудан көлемінде алғаш рет өткізілді. Байқауға мектебіміздің 6 «Д» және 6 «В» сынып оқушылары қатысып жүлделі орындармен марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша Жандаулет Жанель белсенділігі үшін мадақтама қағазымен марапатталса, Ахит Шұғыла, Амирхан Жасбұландар 3-орынды иеленді. Ал Құнанбаев Берік жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады.  Берік жыр айту мәнерімен, жыр айту мақамымен әділқазылар алқасының ризашылығына бөленіп, қазылар алқасының сұрауымен акт залында, жиылған қауым алдында «Алпамыс батыр» жырын қайта жырлап берді. Жеңіс тұғырына көтерілген Берік алдағы уақытта аудан намысын облыс көлемінде қорғайтын болады. Байқауға оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызы да сертификатпен марапатталды.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтай отырып, Берікке облыстық сайыста жеңіске жетуіне тілектестік білдіремін!

Просмотров: 619


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст