Республика көлемінде 2019 жылдың қаңтар айының 10-мен ақпан айының 10 дейін жаппай оқуға қамту және «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты: аз қамтылған, көпбалалы отбасы және ата-анасының қамқорлдығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Олардың мектеп формасы, қысқы сыртқы киім мен аяқ киім, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қарайласу біздің қоғамның өзекті міндеті. Соның бірі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен нешінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «Қамқорлық» акциясын айтуға болады. Бұндай іс-шаралардан №3 Талапкер орта мектебі де қарап қалған жоқ. «Қамқорлық» акциясын 10.01.2019 жылы №05 бұйрығы шықты. Жоспар негізінде Жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» акциясын ұйымдастыру және ақпараттық стенд дайындалды. Мектеп директорымен бірлесе отырып мектепішілік акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітіліп, жұмыс жоспары құрылды.
Сонымен қатар сынып жетекшілері мен ата-аналар комитетімен бірге қоғамдық орындарға рейд жұмыстарын жүргізді. Рейдтер барысында оқумен қамтамасыз етілген және құқық бұзған жасөспірімдер болған жоқ. Акция барысында мектебімізде 1-11 сыныптар арасында «Рухани-адамгершілік бағыты» бойынша Қайырымдылық пен адамгершілік тақырыбында тәтті жәрмеңке ұйымдастырылып, барлық сыныпта «Қайырымдылық» , «Жылы-жүрек, жомарт қол», «Жақсыдан шарапат», «Мейірімділік», «Жасөспірім құқығы» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар Талапкер аулының тұрғындары осы акцияға 5 «В» сынып ата-аналары Аубакирова Жақсыгүл, Ермұханқызы, яғни ИG "Аубакирова", Нүргүл Летчикқызы ТОО «ОБСЕ», көпбалалы отбасы балаларына және аз қамтылған отбасы балаларына 200 000 теңге көмегінде сыртқы киім және 20 000 теңге киім-кешекпен көмек көрсетті. Мектеп әкімшілігі және мұғалімдер ұжымымен бірге 90 000 теңге көлемінде жағдайы төмен отбасыларға азық-түліктей таратылды, тәтті ждәрмеңкеден осы отбасы балаларына тәтті күлектер мен шырын сулар таратылды. Жалпы 25 балаға 310 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасы балаларына қамқорлық көрсету ісі әлі де жалғасын табуда.