"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Толеранттық қарым-қатынас ережесі

29.01.2019

     Сабақтың тақырыбы:       Толеранттық қарым-қатынас  ережесі 
Сабақтың мақсаты:Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру
Сабақтың түрі: Әңгімелеу

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі таңда мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелмен өзгеріп келе жатқаны белгілі.Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектептің алдында күрделі, үнемі өзгеріп отыратын өмірде өз орнын таба білетін мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.

Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі неғұрлым маңызды болып отыр, себебі оқушыларды ересек өмірге даярлауға қойылатын қазіргі талаптар өзгерді. Тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу мәселесі әрдайым педагогика ғылымының назарында болып келді және түрлі аспектілерде қарастырылды (қарым-қатынас, мінез-құлық, тұлғааралық қатынастар мәдениеті, тіл мәдениеті және т.б.) Қарым-қатынас мәдениеті тәрбиеленушілер мен педагогтардың өзара байланысты мәдениеті ретінде қалыптасады және жетілдіріледі.Қарым-қатынас мәдениеті саласы – тұлға өмір сүретін әлеуметтік кеңістіктің қажетті бөлігі.«Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының ғылыми мазмұны қарым-қатынас, ақпараттық байланыс, төзімділік (толеранттылық) ұғымдарының мазмұнымен айқындалады.Қарым-қатынас – оның барысында психикалық байланыс пайда болатын адамдар арасындағы байланыс, ол ақпарат алмасудан, өзара әсерден, өзара түсіністіктен көрінеді. Қарым-қатынас адамдар арасында байланыс орнатуға бағытталған. Оның мақсаты – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасты өзгерту, өзара түсіністік орнату, білімге, көзқарасқа, қарым-қатынастарға, сезімдерге және т.б. тұлғаның бағыттылығын орнату. Адамдар арасындағы байланыс қарым-қатынастан тұрады, ол – индивидтің тіршілік етуінің қажетті шарты.

Жалпы тұлғада толеранттылықтың қалыптасуы үшін ол рухани дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс, ал ол педагогикалық проблема болып табылады. Сондықтан 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған «Толеранттылық принциптерінің Декларациясында» білім беру саласында толеранттылық идеясын насихаттауға басымдық берілген. Педагогика ғылымында оның саласы ретінде «толеранттылық педагогикасы» даму үстінде, онда толеранттылықтың мәнін зерттеу және оны әлеуметтік норма, әлеуметтік құндылық ретінде практикаға ендіруге негізгі көңіл бөлінеді. Менталитет» және «толеранттылық» категориялары білім беру жүйесіне тікелей қатысты. Өйткені ол адам мен социумның менталдық қасиеттерін белсенді әрі мақсатты қалыптастырады.Сондықтан болашақ педагогтар бұл түсінікпен өздерінің кәсіби қызметін бастамас бұрын танысу тиіс, өйткені олар көпмәдениетті ортада жұмыс жасауға даярланады. Еліміздің білім беру жүйесінде басқа да қоғамдық институттар сияқты қоғамдық өмірде болып жатқан құбылыстар өз көрінісін табады.

«Толеранттылық» (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шеттілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсы бір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі. Жалпыалғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады.

«Толеранттылық» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» - басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдауды білдіреді.

Астанада өткен Қазақстан халқының Ассамблеясының 15-ші сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қоғамда білім беру жүйесі мен тәрбие арқылы азаматтық сәйкестендіру, толеранттылықты дамыту қажеттілігі жайында сөз айтып республикамыздың мектептеріне толеранттылық негіздері атты курстар енгізуді ұсынды.

Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында .

Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта.Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде көп кездеседі. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан “біз қазақ деген мал баққан елміз” деп басталып, “досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз”, “…берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!” деп аяқталатын сөздері өзара сыйластыққа шақырады.

Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толерант тылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы.

Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.

 

 

 

 

 

                                                         

 

Талапкер орта мектебі

 

 

 

 

 

 

                                                           Тәрбие сағаты

Толеранттық қарым-қатынас ережесі 

 

                               11 «А» сынып

 

 

 

 

Өткізген: Кульмаганбетова С.Т

 

 

 

 

 

 

 

                                                             2019 жыл

                                                    Ақпарат

 

     Сабақтың тақырыбы:       Толеранттық қарым-қатынасережесі 
Сабақтың мақсаты:Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, тұлғаның қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру
Сабақтың түрі: Әңгімелеу

 

              Өтілу орны: 208 кабинет                                         Өтілу мерзімі: 28.01.2019ж

 

                                                      Өтілу барысы

Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толеранттылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі таңда мектеп реформасына көптеген біржақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелмен өзгеріп келе жатқаны белгілі.Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектептің алдында күрделі, үнемі өзгеріп отыратын өмірде өз орнын таба білетін мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.

Соған орай 11 «А» сынып оқушылары арасында тәрбие сағаты өтілді. Оқушыларға Толеранттық қарым-қатынас ережесі туралы баяндама түрінде таныстырылды. Сұрақтар –жауап түрінде түсіндірілді. Қорытындысында оқушылар өз ойларымен бөлісті.

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі: Кульмаганбетова С.Т

Просмотров: 862


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст