"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ауғанстан Кеңес Одағы әскерінің шығарылғанына 30-жыл (саптық жиын)

23.01.2019

Целиноград ауданы

Талапкер орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Баймагамбетова А.А

 

 

Тақырыбы: Ауғанстан Кеңес Одағы әскерінің шығарылғанына 30-жыл (саптық жиын)

 

   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 

1-жүргізуші: а) Деректеме «Ауғанстан ақиқаты»

Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.
Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 30  жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
2-жүргізуші: «Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті.

2-оқушы: Бітпейді салған салдарлары,

                  Бейбіт күн адамзатқа арман ба әлі

                   Қырық бірдің отты жылы көнергенде,

                 Жаңғыртты жолсыз жанжал Ауғандағы

                 Таулы аймақ Кабул, Баграм, Кандагарда

                   Өлім сеуіп ұлыған қанды аралда

                   Он сегіз- жиырмадағы боздақтардың

                    Көрсеткен ерлігінде сан болар ма.

3- оқушы: Беймәлім ауған жақтың атырабы

Жұмбағын ішке бөгіп жатыр әне

Тау тасы өзен-көлі, биік шатқал,

Шатқалдан ысқырық оқ атылады

Шындығын уақыт неге жасырады

Бізді өлім, әлде өмір шақырады

Бұл деген Ауғанстан, Ауғанстан.

 

4- оқушы: «Жауынгер хаты»

Бауырым бұл хатымды аласың ба?

Ауғанның тауларының арасында

Бораған қорғасын оқ бас көтертпей,

Жатырмыз ессіз- түссіз жар астында.

Қоршаудамыз, барады айдан асып

Анталаған жаулармен тайталасып,

Іздеп жатқан ел де жоқ артымыздан.

Шер қайғыңды енді кімге айта аларсың?

Күңіреніп, күрсінеді Ауғанстан

Жігіттерде шаршады сұм соғыстан

Түн ортасы басталар қанды қырғын,

Жарылыстан-жарылыс –күл боп ұшқан.

5- оқушы: Соғысы ауғанның кермеді                                                                                                  

   Саяси соғысқа  өрледі                                                                                                         

Өмірін қылшанда қиғандар,                                                                                              

   Не себеп,..не үшін.. жерленді?                                                                                

 Борышын өтеген ағалар                                                                                           

Азамат атына теңелді                                                                                                 

Тағдырдың жазғанын басынан                                                                                                    

 Тік жүріп, оны да өрледі.

Ән: «Біз Отанның ұланымыз»

Қорытынды: Өтер жылдар, айлар тағы алыстап Тағдыр талай тауқыметін табыстар. Өздеріңді жырлап өтер ұрпағын Ауғандағы азап шеккен арыстар-ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалағаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмақ емес.

Просмотров: 965


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст