"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аймақтық олимпиада

23.01.2019

     Соңғы екі жылдан бері мектебіміз   Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде  қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 11-сынып оқушылары арасында өтетін аймақтық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді. Биылғы жылы да аталған олимпиада 17 қаңтар күні болып өтті. Олимпиадаға біздің мектебімізден 11 «А» сынып оқуышысы Баянмөнх Назым, 11 «Ә» сынып оқушылары Серикхан Жанбота, Сапар Алуа, Казбекова Аружан қатысты.  Казбекова Аружан олимпиадаға қатысқан 120 оқушының ішінен  жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды және бағалы сыйлық  Л.Гумилев энциклопедиясын иеленді. Сонымен бірге барлық қатысушыларға белсенділігі үшін сертификаттар табыс етілді. Осы оқушыларды дайындаған пән мұғалімдері С.Т.Кульмаганбетова, Ж.Т.Байсеркеева және А.С.Шантасов алғыс хатпен марапатталды.

 

                              Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Байсеркеева Ж.Т.

Просмотров: 676


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст