"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Өзге ұлт өкілдерінің арасында «Қазақшаңыз қалай?» тақырыбында сайыс өтті.

04.03.2022

Ағымдағы жылдың 2 наурызында мектебімізде оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында «Қазақшаңыз қалай?» тақырыбында сайыс өтті. Сайысқа 5-9 сынып оқушылары қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезеңде оқушылар өздерін таныстырды.

Екінші кезеңде мақал-мәтелдер сайысы болды, онда оқушылардың берілген тақырып бойынша неше мақал білетіндігі тексерілді.

Үшінші кезең «Аудармалар» деп аталды. Онда оқушыларға екі тілде фразеологизмдер берілді. Оқушылар берілген фразеологизмдерді мағынасы жағынан салыстырды.

Төртінші кезеңде оқушылар қазақ тілінде, өзге тілдерде өлең оқып, жырдан үзінді айтты. Ән шырқап берген оқушылар да болды.

Сайыс қорытындысы бойынша нәтижелер:

І орын – Якубова Мария 9 «Г» сынып оқушысы

ІІ орын – Кубанычбеков Нұрсұлтан 6 «А» сынып оқушысы

ІІІ орын – Закиева Асуль 6 «Е» сынып оқушысы.

Просмотров: 806


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст