"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін тағы бір іс-шара.

25.02.2022

Абай және жастар

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде бүгін тағы бір іс-шара. Ол қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында  және «Абай» клубының жоспарына сәйкес «Алтын көрсе періште жолдан тая ма?» тақырыбында өткен дебат. Дебатты ұйымдастырушылар: тарих пәні мұғалімі, «Жалын» дебат клубының жетекшісі Байманов Айбар Абайұлы және «Абай» клубының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызы. 
Дебаттың мақсаты: философ, дала данышпаны Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзінде сыналған мақал-мәтелдерінің мәнін оқушыларға тереңінен ұғындырып, кеңінен насихаттау, ойын еркін жеткізе білер шешен де шебер сөйлеуге бейімдеу.
Дебатқа 10-сынып оқушылары Ибрагимов Бауыржан, Буршакбаева Сабина, Каналбеков Қуаныш, Азербай Амина қатысып, тартысты пікірталас өткізді. Абайды қолдаушылар мен Абай сынға алған мақал-мәтелдерге араша түсушілердің дәлелдемелері мен мысалдары көңілге қонымды болып, төрешілер тарапынан жоғары бағаланды.

Просмотров: 470


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст