"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2021-2022 оқу жылы Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебі 14-23 ақпан аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында республикалық жедел профилактикалық апталықтың өткізілді

24.02.2022

2021-2022 оқу жылы Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебі 14-23 ақпан аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында республикалық жедел профилактикалық апталықтың өткізілуі туралы ақпарат 

 

   Талапкер ауылының  жалпы білім беретін орта мектебі КММ 14-23 ақпан аралығында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында республикалық жедел профилактикалық апталық жоспары құрылып,бекітіліп жоспар аясында біршама іс-шаралар өткізілді.

 Мақсаты: жол қозғалысының ережесін , практикалық сабақ , кәмелетке толмағандармен жаяу жүргіншілер қозғалысының ережесін түсіндіру.

Апталықтың басында бастауыш сыныпта «Жол ережесін білейік», 5-11 сынып арасында «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.  Мақсаты .Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру, жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту,оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

1-2 сынып арасында «Жол реттеуші белгілері» тақырыптарында тәлімгер С.Амированың ұйымдастыруымен мектеп «жас сақшылар» тобымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Жас сақшылар» тобы мектеп ішінде түсіндірме жұмысын жүргізіп, оқушыларға көшедегі жол белгілерімен таныстырып, ата-аналарға жадынама түсіндірмелі парағы таратылды. Ауыл инспекторларының қатысуымен мектепте  жаяу жүргіншілер қозғалысының ережесімен таныстырып, мектеп автобусын тексерді. Аталған іс-шаралар барлығы әлеуметтік желіге, мектеп сайтына  салынды, аудандық ПБ қызметкерлеріне есеп берілді.

Просмотров: 460

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст