"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ – МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» тақырыбындағы онкүндіктің есебі.

15.02.2022

№3 Талапкер орта  мектебінде өткізілген «ӨЗІН – ӨЗІ ТАНУ – МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ»
тақырыбындағы онкүндіктің есебі.
2021-2022 оқу  жылының 1 -12 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында онкүндік өткізілді. 
Мақсаты: Өзін-өзі тану пәнінің авторы С.А.Назарбаеваның еңбегін таныту. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа,татулыққа, сүйіспеншілікке, махаббатты, бағалай білуге, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Алғашқы күні ашылу салтанаты барлық оқушы, мұғалімдер арасында таныстырылды. «Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру  жобасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева туралы, өмірбаяны, еңбек жолы туралы слайд көрсетілді. Оқушылар өзін – өзі тану туралы өлеңдер жаттады, бес құндылық әні шырқалды. Өзін өзі тану мұғалімдері өздеріне жүктелген тапсырманы уақытылы  орындап мектеп сайтына жүктеп отырды. Әр оқушының жүрегіне жол табар ұстаздар құндылық-қасиеттерін шыңдатып оқушы бойына сүйіспеншілік пен мейірім ұялата біледі.

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст