"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2 "Д" сыныбында ақпан айының 14-і күні «Ауған соғысының аяқталғанына 33 жыл» тақырыбында сынып сағаты өтті.

14.02.2022

Талапкер  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2 "Д" сыныбында ақпан айының 14-і күні «Ауған соғысының аяқталғанына 33 жыл» тақырыбында сынып сағаты өтті. 
Мақсаты:
Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру.
Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.

Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке баули отырып тәрбие беру.
 Сабақ соңында оқушылар ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орындарынан  тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алды.

Просмотров: 704


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст