"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Ұрпаққа үлгі болар ерлік", 10Б

14.02.2022

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10 "Б" сынып оқушыларымен Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуына 33 жыл толуына орай "Ұрпаққа үлгі болар ерлік" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: Ауған соғысының тарихы жайлы ақпарат беріп, сол соғысқа қатысып, интернационалдық борышын абыроймен атқарған батыр ағаларымыздың ерлігін ұрпаққа үлгі ету. Сабақ барысында Уалихан Тамерлан Ауған соғысына қатысқан туыстары жайлы арнайы презентация дайындап, тың ақпараттармен бөлісті. Тамерланның туыстары Ауған соғысының Батыры, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Есеналин Еркінбек Рысбекұлы және Ауған соғысының ардагері, Ерлігі үшін Орденінің иегері Бакешов Серік Құрмашұлының ерлік істерімен танысты. Осындай ер жүрек батыр ұлдарымыздың ерлігі мәңгі есте сақталады.

Просмотров: 549


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст