"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік «Тіл дарын -2022» байқауы болып өтті.

12.02.2022

        Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектепішілік «Тіл дарын -2022» байқауы болып өтті.
Тіл дарын байқауының  мақсаты:
1.Үш тілді –қазақ,орыс,ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап,қолдау. Іскерлік және халықаралық қарым қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейін анықтау. Үштілділікті насихаттау.
2. Оқушылардың үш тілді оқып үйренуіне ықпал жасау және оларды ынталандыру.
  Байқауға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары қатысты.
      Байқау алты тапсырмадан тұрды. Әр тапсырмаға үш-төрт сұрақ тапсырмалар берілді. Оқушылар үш тілде жауап беріп отырды. Әділқазылар алқасы әділ бағаларын берді. Аудандық олимпиадаға шешендігімен көзге түсіп, қазақтың салт дәстүрлерін, тарихын, танымал тұлғалары жайлы жетік білетіндігімен көзге түсіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеріп, тапқырлық танытқан оқушылар 11-сыныптардан Қуаныш Саида, 10-сыныптардан Бақытханова Назерке, 9-сыныптардан Жұмахан Диана, 8-сыныптан Қабылжан Томирис аудандық «Тіл дарын» байқауына жолдама алды.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі мұғалімдері А.А.Кайкенова, Ж.Т.Байсеркеева.
Байқауға қатысушы шәкірттерге сәттілік тілейміз!

Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст